Investigation of galleria mellonella microbiome to determine its species composition
Кілт сөздер:
Galleria mellonella, ішек микробиомы, 16S рРНҚ секвенирлеуАңдатпа
Микробиомды зерттеу – заманауи мәселелерді шешуде пайдалы болуы мүмкін микробиологиялық зерттеулердің негізгі әдісі. Қалыпты микробиомы бар ағзалар патогендерге аз сезімтал, ал микробиомдағы симбиотикалық бактериялардың пробиотикалық қасиеттері олардың тұрақты дамуы мен өмір сүруіне оң әсер етеді. Балаңқұрттардың симбиоткалық ішек микроағзалары бейтаныс микроағзаларды және токсиндерді жоюға көмектеседі, сондай-ақ жәндіктің иммундық жүйіесінің жүмысын арттырады. Ішек микроағзалары балаңқұрттардың метаболизіміне қатысып ферментативті белсілігін арттырады, осыған орай ішек микроағзаларының және жәндіктің ферменттерінің синергизімі пластикалық полимерлерді биологиялық ыдырату мүмкіншілігі зерттелуде. Осы зерттеу Galleria mellonella балауыз көбелегі дернәсілдерінің ішек микробиомын және оның түрлік құрамын сипаттауға бағытталған. Балауыз көбелегі дернәсілдерінің ішек микробиомынан барлығы 38 бактериялық изолят 16S rRNA гендік анализімен анықталды. G. mellonella дернәсілдерінен оқшауланған микроорганизмдерді үш негізгі тұқымға бөлуге болады: Bacillus (60%), Rhizobium (20%) және Pseudomonas (20%). Морфологиялық және филогенетикалық талдау көрсеткендей, Galleria mellonella ішек микробиомында Bacillus amyloliquefaciens, Bacillus velezensis, Bacillus subtilis, Rhizobium pusense және Pseudomonas parafulva түрлеріне жататын бактериялық штамдар басым болған. Баланқұрттардың ішектерінен бөлек оқшауланған бактериялық штамдарды биотехнологияда, ауыл шаруашылығында және экологияда қолдануға болады.








