Optimization of the cloning in vitro different apple genotypes

Авторлар

  • B. Zh. Kabylbekova Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы институты, Қазақстан, Алматы
  • N. I. Chukanova Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы институты, Қазақстан, Алматы
  • T. T. Turdiyev Өсімдік биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақстан, Алматы
  • N. Rymkhanova Өсімдік биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақстан, Алматы
  • I. Y. Kovalchuk Өсімдік биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақстан, Алматы

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2019-3-b5

Аңдатпа

Өсімдіктерді клонды микрокөбейтудің әр сатысында сәтсіз залалсыздандыру, әлсіз көбею, микроөсімдіктердің аномальды өзгерістері, сонымен қатар өсімдіктердің қоректік ортада фенолдық қышқылдануы тәрізді қиындықтар туады. Осындай сәтсіздіктердің соңы өсімдіктердің қараюына (некроз), ал кей жағдайда жоғалуына әкеп соғады. Өсімдіктерді сәтті микрокөбейту бірнеше ішкі және сыртқы факторларға, сондай-ақ ex vitro және in vitro жағдайына да байланысты болады.  Іn vitro жағдайында өсімдікті көбейтудің жоғары коэффициентіне қол жеткізу үшін клонды микрокөбейтудің әр бір сатысында оңтайлы жағдай жасау маңызды. Мақалада әр түрлі кезеңде алма өсімдіктерін клонды микрокөбейту технологиясын жетілдіру нәтижелері баяндалған. Жүргізілген эксперименттер алманың микроөскін HgCl2 0,2% 4 минуттық экспозицияда залалсыздандырған тиімді екендігін көрсетті. Бұл жағдайда регенерацияға қабілетті экспланттар саны Голден Делишес сортында - 76%, Восход - 85%, Максат - 75% құрады. Құрамында екі еселенген темір хелаты; С дәрумен -1,5 мг/л; поливинилпирралидон – 250 мг/л; глицин – 2 мг/л; БАП – 0,5 мг/л; ИМҚ – 0,1 мг/л МС қоректік ортасы экспланттарды қоректік ортағы оқшаулауға ең абзалы (регенерацияға қабілетті 79% алма өскін алынды). Клонды микрокөбейтуге оңтайлы қоректік орта - МС минералдық ортасы, құрамында: 1,0 мг/л БАП, 0,1 мг/л ИМҚ, 0,1 мг/л ГҚ. Іn vitro ортасына алманың 36 сорты және 9 жабайы формалары енгізілді және көбейтілді.

Кілт сөздер: клонды микрокөбейту, in vitro, залалсыздандыру, қоректік орта, алма.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-15

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары