Іле Алатауының далалық белдеуі жағдайында сирек кездесетін, жойылуға жақын, таралу аймағы шектеулі эндемдік Rosa iliensis chrshan. өсімдігін интродукцияға ендіру тәжірибесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb.2020.v84.i3.03Аңдатпа
Мақалада Іле Алатауының далалық белдеуі жағдайында тұқымдық жолмен көбейетін сирек кездесетін, жойылуға жақын, таралу аймағы шектеулі эндемдік Rosa iliensis Chrshan өсімдігін интродукцияға енгізу мәселелері қарастырылады. Зерттеу нәтижелері оң көрсеткішке ие болды. Дегенмен егілген 100 тұқымның тек 10-нан 20% - ға дейін өскіні ғана бергенімен, 90-нан 99% - ға дейін сәтті өскен. Бұл болашақта Rosa iliensis Chrshan өсімдігін интродукциялау мәселелерін қарастыруда тұқымдық жолмен көбейтуге үлкен мүмкіндік береді. Оның үстіне Rosa iliensis Chrshan. өсімдігін интродукцияға енгізуде біз бір мезгілде бірнеше маңызды мәселелерді шеше аламыз. Олардың ең бастылары, Rosa iliensis Chrshan өсімдігін жойылып кетуден сақтаймыз; Rosa iliensis Chrshan. өсімдігінің жасанды плантациясын құру арқылы Қазақстан Республикасының дәрумендік өнеркәсібі мен фармацевтикалық саласын табиғи және арзан шикізатпен қамтамасыз етеміз; Rosa iliensis Chrshan. өсімдігін саябақтарды, скверлерді, қала саяжайларын, аудан орталықтарын және шалғайдағы елді мекендерді көгалдандыру үшін ұсыныс бере аламыз; Rosa iliensis Chrshan. интродукцияға енгізе отырып, Қазақстан Республикасының ботаникалық бақтарында оны қазақстандық бақшалық раушандардың жаңа сорттарын шығару мақсатында мәдени сорттармен будандастыру үшін аналық ретінде пайдалануға болады.
Түйін сөздер: интродукция, популяция, эндемдік өсімдіктер, стратификация, қалемшелеу








