Әр түрлі жануарлардың сүтінен алынған сүтқышқылды бактериялардың антагонистік белсенді штаммдарын іріктеп алу

Авторлар

  • A. A. Aitzhanova «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы», ЖШС, Қазақстан, Алматы
  • E. A. Oleinikova «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы», ЖШС, Қазақстан, Алматы
  • M. G. Saubenova «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы», ЖШС, Қазақстан, Алматы
  • S. T. Daugalieva «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы», ЖШС, Қазақстан, Алматы
  • R. Zh. Berzhanova «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы», ЖШС, Қазақстан, Алматы

DOI:

https://doi.org/10.26577//eb.2020.v83.i2.08

Аңдатпа

Сүтқышқылды өнімдерден денсаулыққа пайдалы көптеген қасиеттері бар ферменттелген функционалды өнімдердің басым бөлігін құрайды. Сүтқышқылды өнімдердің пайдалы әсерінің бірі–ауру және азық-түлік өнімдерінің бұзылуын тудыратын микроорганизмдерді  басу қабілеті бар, ашытқы ретінде қолданылатын бактериялардың қасиеті. Әртүрлі жануарлардың сүті ғылыми әдебиеттерде микроорганизмдердің жаңа түрлерін бөліп алудың құнды көзі ретінде атап өтілген. Біз жылқы, түйе және ешкі сүтінен биотехнологиялық құнды сүтқышқылды бактериялардың 28 изолятын бөліп алдық. Бірқатар бактериялық сынақ культураларына қатысты әртүрлі жануарлардың шикі сүті мен ашытылған бие сүтінен (қымыз) алынған изоляттардың антагонистік белсенділігі зерттелді. Қымыздан алынған изоляттардың Escherichia coli, Sarcina flava, S. flava T, Salmonella dublin, Mycobacterium citreum, M. rubrum, Ценковский I вакциналарына қарсы антибактериалды белсенділігінің кең спектрі көрсетілді. Таңдалған 12 микроорганизмдерге молекулярлы-генетикалық идентификация жүргізілді. Қымыздың антагонистік белсенді сүтқышқылды бактериялары L. paracasei, L. fermentum, L. rhamnosus және L. diolivorans болып табылады. Таңдалған штаммдар тағамдық және профилактикалық сусындарға және бағытталған әрекеті бар өнімдерге арналған ашытқылар жасау үшін қолданылады.

Түйін сөздер: қымыз, сүтқышқылды бактериялар, антагонизм, бактерияға қарсы белсенділік, молекулалық-генетикалық идентификация.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-13

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары