ISSR-PCR маркерлерін қолдана Malus sieversii Жоңғар популяциясының генетикалық алуантүрлілігін бағалау

Авторлар

  • L. Sh. Shadmanova әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан, Алматы
  • G. T. Sitpayeva Ботаника және фитоинтродукция институты, Қазақстан, Алматы
  • N. Friesen И. М. Сеченов атындағы бірінші Мәскеу Мемлекеттік медицина Университеті, Ресей, Мәскеу

DOI:

https://doi.org/10.26577//eb.2020.v83.i2.03

Аңдатпа

Тянь-Шань тауларының жемісті ормандары көптеген құнды дақылдардың жабайы туыстарының географиялық таралу аймағы ретінде анықталған, ал олардың арасында ерекше қызығушылық тудыратын Malus sieversii (Ledeb.) M. Roem – Сиверс алмасы. Генетикалық және фенотиптік белгілердің кең өзгергіштігіне ие M. sieversii түрінің табиғи популяциялары шамадан тыс антропогендік әсерге және мәдени сорттармен тозаңдануға соңғы кездері жиі ұшырауда. Генетикалық ресурстарды тиімді сақтау және дұрыс пайдалану үшін биологиялық алуантүрлілікті мұқият бақылау қажет екендігі белгілі. Жоңғар Алатауы Сиверс алма популяциясынаң Алматының Бас ботаникалық бағына жерсіндірілген коллекциясының 13 сорт-клонының генетикалық алуантүрлілігі және Жоңғар Алатауының үш табиғи популяциясынан жиналған 31 нысаны ISSR-PCR микросаттелит аралық маркерлері мен iMEC бағдарламасы арқылы зерттелді. Зерттелген үлгілердің генетикалық байланысын бағалау үшін күтілетін гетерозиготалығы мен нысандардың орташа гетерозиготалығы есептелді. Негізгі өлшемдер ретінде ақпараттық полиморфизм мәні (PIC), маркердің айыру қабілеті (D), мультиплексті тиімді коэффициенті (E), MI маркер индексі және ажыратымдылық (R) iMEC көмегімен есептелді. Жұмыс барысында біз қарастырған шатқалдардан іріктелген M. sieversii нысаналары мен жерсіндірілген коллекция нысаналарының генетикалық әртүрлілігі анықталды. PCA талдауының нәтижесінде зерттелген сорт-клондар мен M. sieversii табиғи популяция нысандары бірегей бұлтты құрады, бұл осы популяциялар арасында генетикалық алмасу орын алатындығын көрсетеді.

Түйінді сөздер: генетикалық алуантүрлілік, Сиверс алмасының сорт-клондары, iMEC бағдарламасы, ISSR-PCR, Malus sieversii, PCA талдау.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-11

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары