Asteraceae тұқымдас Matricaria chamomilla L. және Achillea millefolium L. дәрілік өсімдіктердің тұнбаларының антимутагендік потенциалын цитогенетикалық зерттеуі
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2019-4-b5Аңдатпа
Қоршаған ортадағы экологиялық қауіпті факторлардың көбеюіне байланысты ксенобиотиктер тудырған уытты және генетикалық әсерлерді түзету мәселесі маңызды болып табылады. Бұл мәселенің шешу жолдарының бірі - табиғи шығу тегі тиімді протекторларды іздеу болып табылады. Арпа тұқымының тамыр гермиалды меристемасының жасушаларында хромосомалық абберациялар саның есепке тестті пайдалана отырып, түймедақ (Matricaria chamomilla) және кәдімгі мыңжапырақ (Achillea millefolium) тұнбаларының мутагендік және антимутагендік белсенділігі зерттелді. Әр түрлі дайындау әдістерімен зерттелген тұнбалар (концентрацияланған, сұйылтылған және фито-шай) мутагендік белсенділікті көрсетпеді. Мутациялардың жиілігі теріс бақылау (су) деңгейінде болды. Түймедақ пен мыңжапырақ тұнбалардың индукцияланған мутагенезді төмендету бағытында өзгерту мүмкіндігі анықталды. Дәрілік өсімдіктердің сұйылтылған тұнбасы мен фито-шайы мутаген метил метансульфонатпен (MMС, позитивті бақылау) бірге тұқымдарды тікелей және кері өндеу кезінде MMС қоздырылған мутагенез деңгейінің статистикалық маңызды төмендеуі байқалды (p <0.05). Сонымен қатар, мутация процесінің тежелу деңгейі тұнба мен мутагеннің әсер ету тәртібіне, сондай-ақ тұнба түріне байланысты болды. Зерттелетін тұнба антимутагендік әсерінің деңгейі редукциялық фактор бойынша бағаланды. Түймедақтың сұйылтылған тұнбасы мен түймедақ шайының редукциялық факторы 67,0% және 62,0% құрады, бұл Matricaria chamomilla тұнбасының ММС қоздырған мутагенезді 60%-дан астам ингибирлеу қабілеттілігін көрсетеді. Нәтижелер түймедақ сұйылтылған тұнбасы беретін мықты антимутагендік әсерді көрсетеді. Тұқымдарды ММС-тен бұрын кәдімгі мыңжапырақ тұнбалсымен өндеу экспериментінде редукциялық факторының мөлшері Achillea millefolium MMС индукцияланған мутагенезді 40-50% төмендету қабілеттілігін көрсетті. Тұқымдарды MMS-тен кейін мыңжапырақ тұнбасымен өндеу экспериментінде редукциялық факторы 45-50% құрады. Алынған нәтижелер түймедақ және жусан өсімдіктердің құрамындағы әртүрлі биологиялық белсенді заттардың болуына байланысты зерттелген тұнбалар антимутагендік белсенділігі бар екенін көрсетеді.
Түйінді сөздер: биологиялық белсенді заттар, дәрілік өсімдіктер, мутагенез, антимутагендік белсенділік, хромосомалық аберрациялар.








