Қазақстандық сүт қышқылды өнімдерден Candida туысы ашытқыларына қатысты антагонистік белсенділік көрсететін микроорганизмдерді бөліп алу

Авторлар

  • A. A. Aitzhanova
  • M. G. Saubenova
  • J. Mounier Вест-Британи Университеті, Университеттің биоалуантүрлілік және микробтық экология зертханасы, F-29280 Плузане
  • E. A. Oleinikova
  • R. Zh. Berzhanova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2019-2-1421

Аңдатпа

Кандидоздар санының өсуі, олардың ауырлық дәрежесінің жоғарылауы және қоздырғыштардың саңырауқұлаққа қарсы препараттарға төзімділігінң артуы, сонымен қатар, олардың зиянды жанама әсері, жаңа тиімдірек және қауіпсіз саңырауқұлаққа қарсы заттарды анықтауды қажет етеді. Бұл тұрғыда саңырауқұлаққа қарсы белсенділік көрсететін және  Candida оппортунистикалық ашытқыларын ағзадан шығаратын қасиетке ие микроорганизмдер бар функционалды сүтқышқылды  өнімдерді дайындауға және пайдалануға көп қызығушылық туындауда.  Жылқы және түйе сүтінен дайындалған қазақстандық сүт қышқылды сусындардың микробиотасы адам денсаулығына әр түрлі әсер етеді, бірақ бұл микробиотаның өкілдеріне кандидозға жауапты ашытқы түрлеріне қарсы әрекеті әлі зерттелмеген.

Ағзадағы Candida шартты патогенді ашытқыларды жоюға ықпал ететін саңырауқұлақтарға қарсы белсенділігі бар функционалды сүт қышқылды өнімдерді құрастырғанда, олардың табиғи антагонисттерін пайдаланған дұрыс. Жылқы  және түйе сүтінің негізінде жасалған қазақтың ұлттық сүт сусындарының микрофлорасы адам ағзасына көп жақты сауықтыру әсеріне, алайда оның өкілдері Candida туысы ашытқыларына антагонистері ретінде зерттелмеген.

Бұл жұмыстың мақсаты - қазақстандық сүт қышқыл сусындардан Candida туысы ашытқыларына қатысты антагонистік белсенді микроорганизмдерді бөліп алу.  

Жергілікті өндірістің (отандық, сондай-ақ коммерциялық) сүт және сүт өнімдерінің әртүрлі үлгілерінің C. albicans-қа қатысты антагонистік белсенділігін ұңғымадан  диффузия әдісімен зерттеу нәтижесінде,  үй қымызы үлгілері ашытқының өсуін тиімді тоқтатқанын көрсетті.  Әртүрлі қымыз үлгілерінің микроорганизмдерінің ассоциациясы сиыр сүтіне және сүт сарысуына жүйелі егу кезінде антагонистік белсенділігін сақтап қалды.  Сиыр сүтінде өсірген кезде, бұл ассоциациялар C. krusei 25 қатысты жоғары белсенділік көрсетті. C. glabrata 589-ға қарсы неғұрлым жоғары антагонистік белсенділікті сарысуда өсіру кезінде үш ассоциация көрсетті. Ең перспективалық ассоциацияларды MRS  қоректік ортасына еккеннен кейін, колониялардың әртүрлі морфологиялық түрлерінен 41 бактериялар изоляттары бөлініп алынды, олардың 28-і сүт қышқылды бактериялар, ал қалғандары, шамамен, сірке қышқылы микроорганизмдері болып табылады. Сондай-ақ, 34 ашытқы изоляттары бөлінді.

Біздің зерттеулерде алғашқы Candida  туысы ашытқыларының өсуін тежейтін, сонымен бірге, сүт қышқылды бактериялардың метаболиттеріне (C. albicans ішек және қынап изоляттары), сондай-ақ саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктерге (С. glabrata 589 және С. krusei 25) тұрақтылықтың  жоғары дәрежесін көрсететін сүт қышқылды микроорганизмдердің байырғы штаммдары бөлініп алынды. Таңдалып алынған микроорганизмдер консорциумдарын жасауға Candida туысы ашытқыларына қатысты саңырауқұлақтарға қарсы белсенділікке ие, функционалды сусындарға ашытқы ретінде қолданылады.

Түйін сөздер: қымыз, сүт қышқылы бактериялар, Candida-ға қарсы  белсенділік.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-09-14

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары