Қазақстандық Алтай, Сауыр Манырақ және Зайсан ойпатының Calamagrostis Adans. тұқымдасы түрлерінің конспектісі (Poaceae Barnhart тұқымдасы)
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2019-2-1405Аңдатпа
Calamagrostis Adans. тұқымдасының конспектісі авторлармен 1970-2018 жж. бойы жүргізілген дала жұмыстары кезінде құрастырылды, және де «Алтай ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның және Ботаника және фитоинтродукция институтының (Алматы қ.) гербарий қорларында сақталған өзге коллекторлардың жинақтары қолданылды.
Зерттеу мақсаты: Қазақстандық Алтай, Алтай маңы жоталары және Зайсан ойпаты аумағында Calamagrostis Adans. тұқымдасы түрлерінің таралуы мен түрлік құрамын нақтылау.
Зерттелген аймақтарда Calamagrostis Adans. тұқымдасының 17 түрінің өсетіні анықталды кіші түкымдасы (Agrostidinae Griseb.) және 3 секция (Deyeuxia (Clar.) Dum., Calamagrostis Dum., Pseudophragmites Tzvel.). Гербарий үлгілерін және әдеби деректерді зерттеу Қазақстанда Calamagrostis Adans. тұқымдасының түр құрамын 5 түрмен толықтыруға көмектесті: Calamagrostis macilenta (Griseb.) Litv., Calamagrostis uralensis Litv., Calamagrostis langsdorffii (Link.) Trin., Calamagrostis phragmitoides Hartm., Calamagrostis glomerata Boiss. et Buhse. Систематикалық тұрғыда ең көп түр Deyeuxia секциясында көрсетілген – 7 түр (42,2 %); Calamagrostis Dum. және Pseudophragmites Tzvel. Секцияларында 5 түрден (58,8 %) көрсетілген. Тіршілік пішіні сипаты бойынша ұзынтамырлылар басым – 13 (76,5 %), бостамырлылар үлесі – 4 (23,5 %) түр. Экологиялық тұрғыда мезофиттер басым – 8 (47,0 %), мезогигрофиттер үлесі – 5 (29,4 %), мезоксерофиттер – 2 (11,8 %) және мезопетрофиттер – 2 (11,8 %). Зерттелген аймақтағы түрлермен қаңығуы: Орталық Алтай – 10 түр (58,8 % түрлердің орташа санынан); Оңтүстік Алтай – 13 (76,5 %); Батыс Алтай – 9 (52,9 %); Қалбы Алтай – 10 (58,8 %); Зайсан ойпаты – 4 (23,5 %); Сауыр Манырақ – 5 (29,4 %). Бұл аймақта эндемдер анықталған жоқ.
Кілт сөздер: конспект, Calamagrostis Adans. тұқымдасы, Қазақстандық Алтай, Сауыр Манырақ, Зайсан ойпаты, таралуы, кездесуі.








