Нарын жотасының территориясындағы Amygdalus ledebouriana Schlecht. ценопопуляцияларының сипаттамасы және таралуы
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2019-1-1401Аңдатпа
Бұл мақалада Алтайдың сирек, эндем Amygdalus ledebouriana Schlecht, өсімдігінің ценопопуляцияларын зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеулердің нәтижелері бойынша Шығыс Қазақстан территориясында берілген өсімдік түрінің таралу аймақтары табылды. Зерттеу 2016 және 2018 жылдар аралығында бағыт-рекогносцировтік әдісі бойынша жүргізілді. Нарын жотасының бұталы белдеуінің территориясы бойында өсімдік популяциялары байқалды. Нарын жотасы бойынша A. ledebouriana төрт популяциясының мекен-жайы анықтады. Осы жотаның бұталы белдеуінің Сарыкөл тауының солтүстік-шығыстық баурайындағы Көктерек (N: 49º05’, E: 84º29’; N: 49º08’, E: 84º49’) ауылы маңында екі популяция табылды. Үшінші популяция Үлкен Нарын Нарын (N: 49º08’, E: 84º49’) ауылының маңындағы Бұқтырма тауларының оңтүстік-батыс бөктерінде орналасқан. Төртінші популяция Нарым жотасының оңтүстік-шығыс етегіндегі Жіңішке өзені алқабында орналасқан Чердойак (N: 48º48’, E: 83º55’) ауылының маңында табылды. Берілген мақалада Нарын жотасындағы A. ledebouriana популяциясының нақты өсіп-өну жағдайлары туралы мәліметтер ұсынылады. Түйін сөздері: Amygdalus ledebouriana Schlecht., сирек түр, эндемик, ценопопуляция, популяция, мекенету ортасы.








