«Ақінген» мұнай кенорны пласт суларының термофильді микрофлорасының биоалуантүрлілігі
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2018-4-1366Аңдатпа
Мақалада «Ақінген» мұнай кен орны пласт суларының микробиологиялық сандық және сапалық сипаттамалары берілген. Жұмыстың мақсаты мұнай пласт суларының термофильді микрофлорасының биоалуантүрлілігін зерттеу. Пласт суларының экстремальды жағдайларына бейімделген мұнай пласт микроорганизмдері, пласттардан мұнай шығаруды жоғарылатуда микробиологиялық әдістерді өңдеуде, микроорганизмдер мұнай шығару негізінде перспективалық объект болып табылады. Жұмыста микроорганизмдерді зерттеудің дәстүрлі микробиологиялық әдістері қолданылды. Зерттеу барысында 14 дақыл аэробты және анаэробты термофильді микроорганизмдері бөлініп алынды және туысқа дейін идентификацияланды.12 дақыл микроорганизмдері Pseudomonas туысына (Т1, Т2, Т3, Т4, Т5, Т6, D1, D2, D4, D5, D6, D7), Bacillus туысына 1 өкіл (D8) және 1 – сульфатредуцирлеуші микроорганизмдеріне жататындығы анықталынды. Бұл мұнай пласт суларында аэробты микроорганизмдер анаэробты микроорганизмдерден басым және 96,1 х 108 КТБ/мл болса, анаэробты микроорганизмдер саны 14 х 103 КТБ/мл құрайды. Мұнай пласт суларында келесідей микроорганизмдер тобы: псевдомонадтар, бациллалар және сульфатредуцирлеуші микроорганизмдер анықталынды. «Ақінген» мұнай кен орны пласт суының рН көрсеткіші 6,34 болатындығы көрсетілген. Бөлініп алынған микроорганизмдер пласттардан мұнай шығаруды жоғарылатуда биотехнологиялық әдістерін жетілдіруде мақсатты зерттеуді одан әрі талап етеді.
Түйін сөздер: Мұнай кенорны «Ақінген», мұнай пласт суы, термофильдер, «мұнай теріс» микроорганизмдер, дақылдық қасиеттері.








