Ішек микробиомы және Альцгеймер ауруы
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2018-4-1365Аңдатпа
Альцгеймер ауруы - бұл созылмалы нейродегенеративті ауру және жасқа байланысты деменцияның ең таралған түрі болып табылады. Бұл патологияның егде жастағы адамдарда дамуына өмір салты, стресс деңгейі, генетикалық бейімділік, созылмалы аурулар және қоршаған орта факторлары сияқты түрлі факторлар ықпал етеді. Соңғы он бес жылда ғалымдардың назарын тартқан адам денсаулығына әсер ететін факторлардың бірі - ішек микробиомы. Ішек микробиомы - асқазан-ішек жолын колониялайтын және адам денсаулығы мен ауруларында адам физиологиясына үлкен әсер ететін микроорганизмдердің қауымдастығы болып табылады. Соңғы жылдары ішек микрофлорасының құрамы адам ағзасының әртүрлі патологиялық жағдайларында, оның ішінде нейродегенеративті аурулардың өзгеруіне байланысты айтарлықтай ақпарат жинақталған. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, осы мақалада ішек микробиомы мен мидың өзара байланысы және Альцгеймер ауруы дамуында асқазан-ішек микроорганизмдердің рөлі талқыланады.
Кілт сөздер: бас миы, нейродегенерация, Альцгеймер ауруы, бета-амилоид, ішек, ішек микробиомы.








