Түраралық будандастырудан алынған бидай линияларының өсу парамертлері мен пигменттік жиынтығына құрғақшылықтың әсері

Авторлар

  • N. V. Terletskaya
  • A. N. Zorbekova
  • N. A. Altayeva
  • G. T. Bari Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақстан, Алматы қ.
  • U. Erezhetova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2018-3-1345

Аңдатпа

Дүние жүзілік ауа-райының өзгеруіне байланысты, судың жетіспеушілігі стресс туғызатын маңызды жағымсыз әсер болып табылады.

Жұмыстың мақсаты, бағытталған құрғақшылық әсерінен түраралық будандастыру нәтижесінде алынған бидайдың аллоплазматикалық линиялары мен будан өскіндерінің өсу параметрлері мен пигменттік жиынтығының өзгеруін талдау болып саналады.

Оңтайлы және стресс жағдайында сулы ортада өскен 10-күндік өскіндер зерттелді. Спектрофотометрлік спиртті экстрактыда жапырақтардағы хлорофилл мен каратиноидтардың мөлшері анықталды.

Көрсетіліп отырғандай, өскіндердің өсу белсенділігінің өзгеруі тамыр жүйесінің құрғақшылық жағдайындағы белсенділігімен ғана айқындалып қоймай, сонымен қатар фотосинтетикалық аппаратының жұмысының оңтайлануыменде байланысты болуы мүмкін.

Атап өтілгендей, бидай түрлерінің әртүріне жататын ядро мен цитоплазма комбинациялары маңызды физиологиялық, стресскетөзімділік және фотосинтетикалық белсенділік параметрлерін қалай жақсартса, солай нашарлатады.

Құрғақшылыққа анағұрлым толерантты аллоплазматикалық линиялар D-d-05 b, D-b-05, D-41-05 және анағұрлым сезімтал пішіндер – аллолиния D-f-05 пен А1 буданы болып анықталды

Түйін сөздер: бидай, түраралық будандар, аллоплазматикалық линиялар, құрғақшылықа төзімділік, фотосинтез.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-17

Журналдың саны

Бөлім

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БИОХИМИЯСЫ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары