Алматы қаласындағы әйелдердің репродуктивті жүйесінің функционалдык белсенділігін зерттеу

Авторлар

  • O. A. Kysseleva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • G. B. Sultanova 2Алматы қаласының адам өрбіту орталығы, Қазақстан, Алматы
  • G. T. Srayilova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2018-2-1330

Аңдатпа

Ағзаның гормондық бұзылуын тудыратын ең елеулі себептері экология және стресс болып табылады. Әйел ағзасының ең сезімтал жүйе репродуктивті жүйе болып табылады, ішкі және сыртқы ортасының аздаған өзгерістеріне өте сезім болады. Бүгін, 15% жұп бедеуліктен зардап шегеді, оның себебі эндокриндік бұзылуы мен гормондық теңгерімсіздік болып табылады. Сондықтан, әйелдердің репродуктивті жүйесінің функционалдық белсенділігін зерттеу өзекті мәселе болып табылады және маңызды көзқарасты қажет етеді. Осыған байланысты, осы жұмыстың мақсаты Алматы қаласында тұратын әйелдердің гонадотропных гормондарының деңгейін зерттеу, атап айтқанда, ФСГ және ЛГ, оларды қалыпты көрсеткіштерімен салыстыру және гормондық бұзылуларды стрестік және экологиялық факторларға байланыстығын анықтау. Жүргізілген зерттеулер гормондық бұзылуларды анықтауға мүмкіндік берді. Гормондық бұзылулардың себептерің анықтау үшін кортизол гормонның деңгейі анықталды, өйткені ол стресстік гормон болып саналады да гипоталамус, гипофиз және жыныс бездерінің гормондарының түзілуі мен қанға бөліуне әсерін тигізеді. Зерттеулер Алматы қаласының адам өрбіту орталығы зертханасында жүргізілді. Гормондардың деңгейі ИФА әдісі арқылы 130 репродуктивті жастағы әйелдердің қан құрамында аңықталды. Зерттелген әйелдерде ЛГ, ФСГ және олардың арақатынасының ауытқулары анықталды. Зерттелген гормондардың қалыпты орташа көрсеткіштері анықталды, ЛГ - 4,64 ± 0,26 ХБ/л, ФСГ - 7,28 ± 0,27 ХБ/л, ЛГ/ФСГ қатынасы - 1,12 ± 0,04 және кортизол 367,32 ± 15,006 нмоль/л тең болды. Әйелдердің көпшілігінде ЛГ және ФСГ жоғарланғаны анықталды, орташа көрсеткіштері сәйкесінше 24,37 ± 2,54 ХБ/л және 31,69 ± 6,006 ХБ/л. Зерттелген әйелдердің басым бөлігінде ЛГ/ФСГ арақатынасының көрсеткіші қалыпты көрсеткіштен төмен болды және орташа есеппен 0,44 ± 0,02 құрады. Репродуктивтік жүйенің функцияларын реттейтін гормондар деңгейіндегі анықталған ауытқулар кортизол деңгейінің өзгеруімен, сондай-ақ қоршаған орта факторларының жағымсыз әсерімен байланысты болуы мүмкін.

Түйін сөздер: репродуктивті жүйесі, лютеиндеуші гормон (ЛГ), фолликулстимулдеуші гормон (ФСГ), кортизол.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-08-16

Журналдың саны

Бөлім

АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ МЕН БИОХИМИЯСЫ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары