Шудың әсері кезіндегі жануарлардың циркадианды динамикасының өзгеруі
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2018-2-1327Аңдатпа
Бұл мақалада стресс факторларының әсерінен жануарлардың циркадианды динамикасындағы өзгерістер қарастырылған. Хронобиологиялық зерттеулерге деген қызығушылықтың бір себебі - организмдегі циркадианды ырғағақтардың бұзылуы мен әртүрлі патологиялық жағдайлардың пайда болуы арасындағы байланыстың айқын дәлелі болып табылатын деректердің жинақталуы. Шу - бұл стресс факторы болып табылады. Шудың әсері кезінде гипоталамус-гипофиздік-кортикоадреналдық жүйенің әлсіреуі байқалады. Қан құрамында кортекостероидтық гормондардың, холестериннің және глюкозаның құрамы артады, ал эозинофилдердің саны азаяды. Осыған байланысты, ағзада циркадиандық ырғақтардың өзгеруі пайда болады. Бұл жүйенің ырғақтарының хроноструктурасының бұзылуы тұтас құбылыс деп санауға болады және ырғақтардың параметрлеріндегі бұзылыстардың болуы шартты болып табылады. Дегенменде, осындай ырғақтардың амплитудасының өзгеруі, ырғақтың периоды мен мезорының өзгеруі сияқты диагностикалық критерийлерді қолдану бірқатар нақты жағдайларда толығымен қолайлы болып табылады. Стресс әсерінен циркадианды ырғақтың амплитудасы жоғарылайды немесе төмендейді. Циркадиандық ырғақтардың амплитудасы адамның функционалдық жағдайын бағалау үшін өте маңызды.
Түйін сөздер: циркадиандық ырғақтар, шу, циркадианды динамика, десинхроноз, хрономедицина.








