Еркін айналатын нуклеин қышқылдары онкологиялық аурулардың диагностикалық биомаркері ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2018-1-1316Аңдатпа
Заманауи ғылымның соңғы он жылдағы өзекті сұрақтарының бірі онкологиялық аурулардың инвазиялық емес диагностикасы үшін жоғары сезімтал және арнайы биомаркерлерді табу болып табылады. Қатерлі ісік ауруларын диагностикалаудың иммунологиялық әдістері қазіргі кезде пайдаланып жүрген ісік маркерлерінің спецификалылығының төмендігіне байланысты өте қарапайым клиникалық әдіс болып табылады.
Онкопатологиясы бар науқастардың плазмасы мен қан сарысуында еркін айналатын нуклеин қышқылдарын зерттеу заманауи молекулалық диагностиканың перспективті бағытын көрсетеді.
Еркін айналатын нуклеин қышқылдарына (еаНК) ДНҚ, РНҚ, микроРНҚ, вирустық ДНҚ/РНҚ және митохондриялық ДНҚ жатады. Сонымен қатар, еркін айналатын нуклеин қышқылдары еркін түрде де, супрамолекулалық нуклеопротеиндер кешендерінің құрамында да болуы мүмкін.
Алайда, еркін айналатын нуклеин қышқылдарының биогенезі және олардың қатерлі ісік дамуы механизміндегі рөлімен байланысты көптеген аспектілер осы уақатқа дейін анық емес.
Бұл шолу мақалада еркін айналатын нуклеин қышқылдарының биологиялық қасиеті, биогенезі, олардың қатерлі ісік патогенезіндегі рөлі және онкологиялық аурулардың диагностикасына биомаркерлер ретінде пайдалану мүмкіндігіне басты назар аударылады.
Түйін сөздер: еркін айналатын нуклеин қышқылдары, еркін айналатын ДНҚ, микроРНҚ, митохондриялық ДНҚ, қатерлі ісік, биомаркерлер.








