Альцгеймер ауруының патогенезінде астроциттердің қартаю рөлі

Авторлар

  • A. K. Tsoy Биоинженерия және регенерациялық медицина зертханасы, Астана Ұлттық Лабораториясы, Назарбаев Университеті, Астана қ.
  • D. S. Alimbetov Биоинженерия және регенерациялық медицина зертханасы, Астана Ұлттық Лабораториясы, Назарбаев Университеті, Астана қ.
  • N. Imangali Биоинженерия және регенерациялық медицина зертханасы, Астана Ұлттық Лабораториясы, Назарбаев Университеті, Астана қ.
  • T. M. Shalakhmetova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • E. R. Abzhanova Биоинженерия және регенерациялық медицина зертханасы, Астана Ұлттық Лабораториясы, Назарбаев Университеті, Астана қ.
  • A. M. Turgambayeva Биоинженерия және регенерациялық медицина зертханасы, Астана Ұлттық Лабораториясы, Назарбаев Университеті, Астана қ.
  • Sh. N. Askarova Биоинженерия және регенерациялық медицина зертханасы, Астана Ұлттық Лабораториясы, Назарбаев Университеті, Астана қ.

DOI:

https://doi.org/10.1901/kbs1281

Кілт сөздер:

астроциттер, β-амилоид, цитокиндер, β–галактозидаза, клеткалардың қартаюы.

Аңдатпа

Альцгеймер ауруы қарт адамдарда кездесетін нейродегенеративті аурулар қатарына жатады және бас ми клеткаларында β-амилоид (Аβ) және тау-белок пептидтерінің жинақталуынан жұлын-ми сұйықтығының атрофияға ұшырауымен сипатталынады. Қартаю кезінде бас ми ұлпаларында Аβ жинақталуы қабыну процестерінің дамуына және нерв клеткаларының өліміне әкеледі, нәтижеде оттегінің белсенді түрлерін, азот оксидін, цитокиндерді тудыратын нейротоксикалық байланыстардың түзілуіне әкеледі. Осыған байланысты бұл жұмыстың мақсаты жас және қартайған астроцит клеткаларына IL6 цитокинінінің синтезін тудыратын Аβ әсерін зерттеу және  TNF-α и IFN–γ цитокиндерін тудыратын әсерлерге салыстырмалы баға беру. Осы сұрақтарды анықтау үшін адамның бас миының фетальді ұлпаларынан қартайған астроциттер популяциясын алу әдістері қолданылды. TNF-α и IFN–γ және β-амилоид цитокиндерін тудырушылармен астроциттерді инкубациялау әдісі олардың иммунофлуоресценттілігін айқындау және жас және қартайған клеткаларда супероксид анионын анықтау. Жас клеткаларға қарағанда қартайған астроциттердің қабынуды тудыратын сигналдарға сезімтал екені анықталынды, себебі TNF-α және IFN–γ әсерлері кезінде оттегінің белсенді түрінің (анион супероксиді) жоғары синтезі дәлел бола алады. Жас клеткалармен салыстырғанда қартайған астроциттерде Aβ әсерінен IL-6 цитокиндерінің деңгейінің артқаны байқалынды. Сондықтанда Альцгеймер ауруының патогенезінде қартайған бас ми клеткаларында АФК жоғары синтезі мен цитокиндерді тудыратын әсерлер маңызды рөл атқарады. Алынған мәліметтер осы аурудың патогенезін зерттегенде теориялық және практикалық тұрғадан маңызы үлкен және жастық өзгерістер кезіндегі нейродегенеративті ауруларды емдеу тәсілдерінің бірі болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-12-25

Журналдың саны

Бөлім

АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ МЕН БИОХИМИЯСЫ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары