Биоремедиация үшін перспективті консорциум құру мақсатында жоғары сатылы су өсімдігі мен фототрофты микроорганизмдердің өзара әсерін зерттеу
Кілт сөздер:
жоғары сатылы су өсімдігі, цианобактерилар, микробалдырлар, консорциум.Аңдатпа
Экологиялық зерттеулердің басым бағыттарының бірі су қоймалары биоремедиациясының теориялық және практикалық аспектілерінің зерттелуі, олар цианобактериялар мен микробалдырлардың әр түрлеріне жататын микроорганизмдердің жұмысымен байланысты болатын, су қоймаларының өз-өзінен қалпына келуі және өзін-өзі тазалау табиғи механизмдерін пайдалануға негізделген.
Биоремедиацияның эффективтілігін арттыру мақсатында микроорганизмдердің моно- емес, аралас дақылдары пайдаланылатыны белгілі, оларды алу үшін цианобатериялар мен микробалдырлардың және фото- және гетеротрофты микроорганизмдердің түрішілік өзара әсерінің ерекшеліктерін ескере отыру қажет.
Зерттеудің мақсаты модельді зерттеулерде ауыр металдарға төзімді жоғары сатылы су өсімдіктері (ЖССӨ), цианобактерия дақылдары және микробалдырлардың өзара байланысын, олардан ассосация құру мақсатында зерттеу.
Зерттеу нәтижелері бойынша, биоремедиация үшін перспективті ЖССӨ мен фототрофты микроорганизмдердің консорциумын құру үшін дақылдар таңдалынып алынды. Зерттелген жоғары сатылы су өсімдіктерінен бірлесіп тіршілік етуге Pistia stratiotes-те Phormidium autumnale I-5 и Anabaena variabilis RI-5 цианобактерияларының дақылдарымен байқалатыны дәлелденді. Зерттелінген микробалдырлардың Ankistrodesmus sp. ВI-1 и Scеnеdеsmus quadricauda В-1 дақылдары Pistia stratiotes жоғары сатылы су өсімдігімен консорт бола алатындығы анықталды.








