Хром және ауыр металдардың микробалдырларға әсері
Кілт сөздер:
Ауыр металдар, фитопланктон, микробалдырлар, Phaeodactylum tricornutu, Mytilus galloprovincialis L.Аңдатпа
Мақалада микробалдырлардың физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктеріне хром мен ауыр металдардың әсері қарастырылған. Хромның микробалдырларды жеке және аралас өсіру барысындағы физиология-биохимиялық көрсеткіштеріне әсері туралы зерттеулер көрсетілген. Микробалдырлардың аллелопатикалық қарым-қатынасы және олардың хром мен ауыр металдардың сіңіру жүйесіне ықпалы анықталған. Микробалдырлар A. flos-aquae, A. arnoldii, N. linckia, C. pariethina тіршілік ету ортасынан қарқынды түрде хромды сіңіреді.
Микробалдырдың аллелопаткалық қарым-қатынасы оң ортада хром мен ауыр металдарды сіңіруі белсенді жүзеге асады: A. flos-aquae, A. arnoldii, A. flos-aquae, N. linckia. Мақалада зерттелген түрлі трофикалық деңгейдегі сынақ - обьектілерінің салыстырмалы-токсикологиялық ақпараттары қарастырылған. Біржасушалы балдырлар бихромат калий әсеріне өте сезімтал болып келеді. Зиянды заттардың су ағзаларына әсерін зерттеу кезінде, бихромат калий токсиканты ретінде анықталды. Сондықтан, оларға қысқаша сипаттама, көшіп-қону жолдарына, жасушаішілік және жасушадан тыс детоксикациясына анықтама берілді.
Қоршаған ортаның хром иондарымен ластану жағдайында микробалдырлардың физико-биохимиялық үдерістерін зерттеу нәтижелерінің жалпы биологиялық маңыздылығы жоғары, сондықтан фиторемедиация, экологиялық физиология және биотехнология курстарына қолдануға ұсынылады. Алынған мәліметтер сарқынды суды, хроммен ластанған және жабық су қоймаларын тазарту үшін биологиялық тәсіл ретінде пайдалануға болады.








