Compositae туысы Inula britannica L. өсімдігінен алынған биологиялық белсенді заттардың токсикалық және мутагенді белсенділігі

Авторлар

  • S. Zh. Kolumbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. V. Lovinskaya Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • N. Z. Akhtaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • Iu. A. Litvinenko Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • N. Voronova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. I. Iliiasova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. Alikul Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Кілт сөздер:

биологиялық белсенді заттар, мутаген, тұқымның өнуі, хромосомалық аберрациялар, Inula britannica.

Аңдатпа

Британдық андыз (Inula britannica L., туысы. Compositae) өсімдігінің жер асты және жер үсті бөліктерініен биологиялық белсенді заттар (ББЗ) бөлініп алынды. Андыздың сапалық көрсеткіштері (ылғалдылығы, жалпы күлі); сығынды заттардың көрсеткіштері, аминқышқылды және майқышқылды құрамы анықталды. Биологиялық белсенді заттардың негізгі топтарының сәйкестігі жүргізілді. Inula britannica өсімдігінің жер асты және жер үсті бөліктерінен алынған биологиялық белсенді заттардың токсикалық және мутагенді әсері дәндердің өнгіштігі және ұрық тамыр меристемасы клеткаларындағы хромосомалық аберрациялар саны бойынша арпа дәндеріне жүргізілген тестте зерттелді. ББЗ кешені қолданылған концентрацияда (25,0; 50,0 и 100,0  мг/л) фитотоксикалық және мутагенді әсер көрсетпейтіндігі бекітілді. Арпа дәндерін сығындылардың сулы ерітіндісінің барлық концентрациясы мен бақылау өсімдіктерімен салыстырғанды олардың өнгіштігін төмендетпеді. ББЗ сулы ерітінділерімен өңделген арпа дәндерінің ұрық тамыр меристема клеткаларында  қарастырылған 100 метафазаларда хромосомалардың құрылымдық бұзылыстар жиілігі және хромосомалық аберрациялар саны өңделмеген өсімдіктердің көрсеткіштерінен айтарлықтай ерекшеленбеді. Ал оң бақылау ретінде алынған классикалық мутаген метилметансульфонат (ММС) бақылау нұсқасы және ББЗ өңделген дәндер нұсқасымен салыстырғанда зерттелінетін  көрсеткіштерді бірнеше есеге көтерді.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-01-03

Журналдың саны

Бөлім

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары