Өсіру уақыты мен ортадағы азот концентрациясының микробалдырлар клеткаларының липидтер мөлшері мен май қышқыл құрамына әсері

Авторлар

  • B. B. Azimkhanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алмaты
  • Ya. S. Tufuminova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алмaты
  • S. B. Orazova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алмaты
  • T. A. Karpenyuk Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алмaты
  • A. V. Goncharova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алмaты

Кілт сөздер:

микробалдырлар, липидтер, полиқанықпаған май қышқылдары, өсіру уақыты, азот концентрациясы.

Аңдатпа

Полиқанықпаған май қышқылдары адам денсаулығына ерекше бағалы болып саналады. Олардың маңызды функциялары – клеткалар мембранасының фосфолипидтерін қалыптастыру және биологиялық белсенді заттарды – эйкозоноидтарды: простациклиндер, простагландиндер, лейкотриендер және тромбоксандарды жинақтау. Бұл заттар бүкіл ағзаның функцияларын реттеуде белсенді рөл атқарады. Сонғы он жылда  өсімдік шикізаты мен теңіз өнімдеріне қарағанда микробалдырлардың артықшылығы болғандықтан, олардың липидтері мен полиқанықпаған май қышқылдарына қызығушылық арта келеді.

  Қазіргі кезде микробалдырлар клеткаларындағы липид және полиқанықпаған май қышқыл мөлшерлерін көбейтуге арналған биотехнологиялық әдістерінің бірі – олардың өсіру жағдайларын оптимизациялау.

Жұмыста жасыл микробалдыр Dictyochlorella globosa  және диатомдық микробалдыр Pleurosigma sp. клеткаларындағы липид және полиқанықпаған май қышқылдар жинақталуына өсіру уақыты мен әр түрлі азот контцентрациясының әсері зерттелді. Dictyochlorella globosa микробалдырының липид және полиқанықпаған май қышқылдар жинақталуына ықпал ететін оптималды жағдай  - 10 тәулік ішінде құрамында қалыпты азот концентрациясы бар  Фитцджеральд ортасында,  ал Pleurosigma sp. микробалдырын 5 тәулік ішінде, азот концентрациясы екі есе азайтылған Фитцджеральд ортасында  оптималды өсіру жағдайы  анықталды.

Алынған нәтижелерді әр түрлі адам және ауылшаруашалық малдардың ауруларын  емдеу және профилактика үшін қолданылатын липидтер және полиқанықпаған май қышқылдары негізінде алынатын биологиялық белсенді заттар және дәрілер өндіру технологясында қолдануға болады.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

<< < 1 2 3 4