Plumbaginaceae (Limoniaceae Lincz.) туысы Limonium gmelinii өсімдігінен алынған биологиялық белсенді заттардың токсикалық мутагенді белсенділігі

Авторлар

  • S. Zh. Kolumbayeva әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық yниверситеті, Қaзaқстaн, Алмaты
  • A. V. Lovinskaya әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық yниверситеті, Қaзaқстaн, Алмaты
  • A. I. Zhusupova әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық yниверситеті, Қaзaқстaн, Алмaты
  • A. A. Rakhimzhanova әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық yниверситеті, Қaзaқстaн, Алмaты
  • A. I. Iliiasova әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық yниверситеті, Қaзaқстaн, Алмaты
  • A. T. Muratova әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық yниверситеті, Қaзaқстaн, Алмaты

Кілт сөздер:

биологиялық белсенді заттар, мутаген, хромосомалық аберрациялар, Гмелин кермек, метафаза.

Аңдатпа

Гмелин кермек (Limonium gmelinii (Willd.) Kuntze, туысы. Plumbaginaceae) өсімдігінің жер асты және жер үсті бөліктерініен биологиялық белсенді заттар бөлінді.  Кермектің сапалық көрсеткіштері (ылғалдылығы, жалпы күлі); сығынды заттардың көрсеткіштері, аминқышқылды және майқышқылды құрамы анықталды. Биологиялық белсенді заттардың (ББЗ) негізгі топтарының сәйкестігі жүргізілді. Кермек Гмелиннің жер асты және жер үсті бөліктеріндегі ББЗ негізгі топтарының сандық құрамының салыстырмалы анализ мәліметтері олардағы илік заттардың,  полисахаридтер, флавоноидтар, кумариндер, каротиноидтер және сапониндердің өлшемділігін көрсетеді. Limonium gmelinii  өсімдігінің жер асты және жер үсті бөліктерінен алынған биологиялық белсенді заттардың токсикалық және мутагенді әсері дәндердің өнгіштігі және ұрық тамыр меристемасы клеткаларындағы хромосомалық аберрациялар саны бойынша арпа дәндеріне жүргізілген тестте зерттелді. ББЗ кешені қолданылған концентрацияда (25,0; 50,0 и 100,0  мг/л) фитотоксикалық және мутагенді әсер көрсетпейтіндігі бекітілді. Арпа дәндерін сығындылардың сулы ерітіндісінің барлық концентрациясымен өңдеу бақылау өсімдіктерімен салыстырғанды олардың өнгіштігін төмендетпеді. ББЗ сулы ерітінділерімен өңделген арпа дәндерінің ұрық тамыр меристема клеткасындағы 100  қарастырылған метафазаларда хромосомалардың құрылымдық бұзылыстар жиілігі және хромосомалық аберрациялар саны өңделмеген өсімдіктердің көрсеткіштерінен айтарлықтай ерекшеленбеді. Ал оң бақылау ретінде қолданылатын классикалық мутаген метилметансульфонат (ММС) бақылау нұсқасы және ББЗ өңделген дәнер нұсқасымен салыстырғанда зерттелінді көрсеткіштерді бірнеше есеге көтерді.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары