Өсімдіктерде тотыға зақымданған ДНҚ негіздерінің эксцизиялық репарациясы

Авторлар

  • A. K. Bissenbaev әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты

Кілт сөздер:

Оттегінің белсенді формалары, Эксцизиялық репарация, ДНҚ-гликозилаза, АР-эндонуклеаза, ДНҚ-полимераза.

Аңдатпа

Оттегінің белсенді формалары бүкіл клеткалық макромолекулалардың: мембраналық липидтер, белоктар мен нуклеин қышқылдарының  зақымдануына алып келеді. Оттегінің белсенді түрлерінің жоғары мөлшері өсімдік клеткаларымен қатар жануар клеткаларын өлімге душар етуі оларда оттегінің бос радикалдарының әсер ету механизмдерінің ортақтығын көрсетеді. ДНҚ оттегі радикалдарының негізгі нысаны болып табылады.  Қазіргі уақытта оттегінің радикалдарымен байланысты ДНҚ тізбегіндегі үзілістер мен қанттардың модификациясын қамтитын 80 түрлі ДНҚ зақымданулары белгілі. ДНҚ негіздерінің тотыға зақымданулары негіздердің экцизиялық репарациясының субстраты болып табылады. Мұндай ДНҚ зақымдануларының репарациялану механизмі сүтқоректілер клеткасы, ашытқылар мен бактерияларда  қарқынды зерттеу объектісі болып табылады. Алайда ауылшаруашылық маңыздылығына және тірі организмдер арасындағы ерекше орнына қарамастан өсімдіктерде бұл проблемалар әлі де түсініксіз және іс жүзінде зерттелмеген күйде қалуда. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде ДНҚ репарациясын зерттеу бағытындағы соңғы деректер өсімдіктер басқа эукариоттық ағзаларда кездесетін механиздерге ұқсас механизмдерді қолданатынын көрсетеді. Өсімдіктерде ДНҚ репарациясы тек клетканы зақымданулардан қорғайтын іргелі клеткалық процесс қана емес, сонымен қатар генетикалық ақпараттың  ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз берілуінде маңызды рөл атқарады.  

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

<< < 1 2