Адамдардың перифериялық қан жасушаларына in vivo және in vitro жағдайында рентген және γ-сәулеленудің кешенді әсері

Авторлар

  • O. G. Cherednichenko Жалпы генетика және цитология институты РК БҒМ ҒК, Алматы қ., Қазақстан

Кілт сөздер:

Хромосомдық абберациялар, радиосезімділік, адаптивті жауап, γ-сәулелендіру, рентген саулелендіру.

Аңдатпа

Медициналық рентген зертханалары қызметкерлеріне рентген сәулелерінің созылмалы әсер ету тиімділігі  in vivo жағдайында жүргізілген зерттеу нәтижелері, сондай-ақ,  радиосезімділігіне баға беру және олардың лимфоциттерінің  γ-сәулелену әсер етуіне  адаптивті жауап түзуі келтірілген. Х- және  γ- сәулеленулердің адамдардың перифериялық қан жасушаларына кешенді әсерін  in vitro жағдайында  тәжірибелер жүргізілген. Рентгенологтар да хросомдық аберрациялардың кездесу жиілігі бақылау тобымен салыстырғанда жоғары болды, кәсіби жұмыс ортасы факторларының мутагенді әсері бар екендігін көрсетеді. Адамның жас ерекшелігі мен зиянды ортада жұмыс жасау ұзақтығы және хромосомалық бұзушылық көрсеткішінің арасында қандайда бір тәуелділік анықталмады.Жеке тұлғаларда хросомдық бұзылуларға алып келетін барлық жасушаларының 30%-да ү-сәулеленуге жоғары радиосезімталдығы мен мультиаберрантты жасушалардың басым бөлігінің индукциясы байқалады. Дегенмен де, кейбір тұлғалардың жасушалары адаптивті жауап түзу реакциясын  сақтап қалды, бірақ тааберрантты жасушалардың емес, хромосомдық аберрациялар жиілігінің төмендеуін байқауға болады. Ү-сәулеленуге жоғары сезімталдылық және мультиаберрантты жасушаларының көп болуының индукциясы байқалды, алайда, кейбір тұлғаларда адаптивті жауап реакциясының түзілуіне жасушалардың қабілеттілігі сақталып қалды. In vitro жағдайында дені сау донорлардың қанын бейімдеу мөлшерлі рентген сәулесімен бөлшектеп сәулелендіру және осы қанды γ-сәулесінің қарқынды бүлдіруші мөлшерімен сәулелендіру тәжірибелері жасалды. Алынған нәтижелер бейімдеуші мөлшермен бір рет сәулелендірген кезде ғана адаптивті  жауап түзу қалыптасатынын көрсетті. Х-сәулелендірудің дозаларын бөлшектеп белгілі уақыт аралығын сақтап (фракционированное)  әсер еткенде радиосезімталдыққа әкеледі, яғни жасушалардың қорғаныс қызметін, атап айтқанда адаптивті жауап түзуді тежейді, салдарынан аберрация жиілігін бір аберрантты жасушаға көбейтеді.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ