Балалар мен жасөспірімдердің қалыпты жағдайдағы және динамикалық жүктемеден кейінгі жүрек-қантамыр жүйесінің жасқа сай ерекшеліктері

Авторлар

  • G. T. Srailova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • M. A. Maulenova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • Z. A. Askarova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Кілт сөздер:

сердечно-сосудистая система, гемодинамические показатели, частота сердечных сокращений, систолический объем крови, минутный объем крови, артериальное давление.

Аңдатпа

Гемодинамикалық көрсеткіштері физиологиялық жүйелердің жасқа сай ерекшеліктерімен белгіленеді, әсіресе қанайналу жүйесі. Жас кезеңдерінде жүрек-қантамыр жүйесі онтогенездің түрлі этаптарында негізінен зат және энергия алмасудың арнайы өзгерістерімен қамтамасыз етілген бірнеше ерекшеліктер арқылы сипатталады. Балалар жүрегінің еті энергияны көп жұмсайды. Сондықтан, жүрек етіндегі тотықтану процестері қызу жүреді. Жүрек бұлшық еті оттегіні көп мөлшерде тұтынады. 3 сынып және 10 сыныпта оқитын қыз балалар мен осы жастағы ұл балалардың қалыпты жағдайдағағы және динамикалық жүктемеден кейінгі гемодинамикалық көрсеткіштерін салыстырғанда келесі нәтижелер анықталды. 3 сынып және 10 сыныпта оқитын қыз балалар мен осы жастағы ұл балалардың қалыпты жағдайға қарағанда динамикалық жүктемеден кейінгі гемодинамикалық көрсеткіштерін салыстырғанда систолалық артерия қысымы, диастолалық артерия қысымы, жүректің жиырылу жиілігі және қанның минуттық көлемі жоғарғы дәрежені, ал қанның систолалық көлемі төменгі дәрежені көрсетті.

Автор өмірбаяндары

  • G. T. Srailova, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
    Сраилова Гүлзия Тураповна - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, биология және биотехнология факультеті биофизика және биомедицина кафедрасының доценті, биология ғылымының кандидаты.
  • M. A. Maulenova, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
    Мауленова Мағрипа Асқарқызы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, биология және биотехнология факультеті, биофизика және биомедицина кафедрасы, 2 курс магистранты.
  • Z. A. Askarova, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
    Аскарова Зифа Асанбаевна - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, биология және биотехнология факультеті биофизика және биомедицина кафедрасының доценті, биология ғылымының кандидаты.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

БИОМЕДИЦИНА МЕН БИОФИЗИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары