ПРИМЕНЕНИЕ МИКРООРГАНИЗМОВ-АНТАГОНИСТОВ ДЛЯ ЗАЩИТЫ ЯЧМЕНЯ ОТ ФИТОПАТОГЕНОВ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb106120267

Ключові слова:

биопрепарат, микроорганизмдерді иммобилизациялау, бактериялар бірлестігі, калий гуматы, фитопатогендер.

Анотація

эндофиттік бактериялардың негізінде агрономиялық құнды микроорганизмдердің бірлестіктері құрылды. Микробтық бірлестіктерді қолдану монокультуралармен салыстырғанда тиімдірек тәсіл болып саналады, себебі микроорганизмдер консорциумдары кең ауқымдағы биологиялық белсенділіктері және агроэкожүйелерде өзара синергетикалық қарым-қатынас жасау қабілеттіліктері бар.

Бірлестіктер құру үшін өсуді ынталандыру және биобақылау қасиеттерімен ерекшеленген Pseudomonas flavescens D5, Serratia proteamaculans B5 және Pseudomonas fluorescens D7 штаммдары таңдап алынды. Бірлестіктердің агрономиялық құнды қасиеттеріне, соның ішінде биоүйлесімділік, тұзға төзімділік, индол-3-сірке қышқылының синтезі, фосфатты мобилизациялау және саңырауқұлақтарға қарсы белсенділіктері бойынша кешенді бағалау жүргізілді. LYA23 бірлестігі жеке штаммдармен салыстырғанда, 63,4 мкг/мл-ге дейін жететін жоғары мөлшерде ИСҚ өндіріп, сонымен қоса айқын фосфатты мобилизациялау белсенділігі (293 мкг/мл) және 5 %-ға дейін NaCl концентрациясында өсуді сақтап қалатындығы анықталды. Бұл бірлестік Fusarium graminearum және Fusarium oxysporum-ға қарсы жоғары антагонистік белсенділік көрсетіп, көлемі 3,5 ± 0,1 см-ге дейін өсуді тежейтін аймақ түзді. Пуллулан, пектин және полигидроксиалканоат биополимерлерінен тұратын полимерлік матрица 2:1:0.1 қатынасында жасушаны иммобилизациялау үшін оңтайлы деп танылды. Калий гуматының енгізілуі препараттың өсуді ынталандыру әсерін күшейтті. Арпаның Arna сортының тұқымдарын өңдегендегі вегетациялық тәжірибелерде  тұқымның өну деңгейін 98,6%-ға дейін арттыруға, сондай-ақ тамырлар мен сабақтардың биомассасының бақылауға қарағанда айтарлықтай өсуіне ықпал етті.

Біографії авторів

  • автор Л.В. Игнатова , афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    Игнатова Людмила Викторовна – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КеАҚ Биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: lyudmila.ignatova@kaznu.kz)

  • автор Е.В. Бражникова, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    Бражникова Елена Валериевна – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КеАҚ Биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының PhD докторы, оқытушысы (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: polb_4@mail.ru)

  • автор М.А. Червяков, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    Червяков Михаил Александрович (корреспондент-автор) – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КеАҚ Биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: mihach999@gmail.com)

  • автор Е.В. Москвина, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    Москвина Екатерина Вячеславовна – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КеАҚ Биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының кіші ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: katysha0205@gmail.com)

  • автор А.П. Черных, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    Черных Ангелина Петровна – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КеАҚ Биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының кіші ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: Angelina_gizbreht@mail.ru)

  • автор С.Р. Мурадова, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    Мурадова Сусана Рустамқызы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КеАҚ Биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: muradova.susana@mail.ru)

  • автор Р.К. Сыдыкбекова , афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    Сыдыкбекова Райхан Конаевна – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КеАҚ Биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының доценті (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: raihan.konaevna@gmail.com)

Завантаження

Опубліковано

2026-03-20

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають