БИДАЙ ДӘНДЕРІНДЕГІ АМИЛАЗА ИНГИБИТОРЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb.2024.v100.i3.014

Ключові слова:

бидай, өну, пісіп жетілу, ақуызды ингибитор, α-амилаза, алейрон, түсу саны

Анотація

Астық дәндері протеазалар мен амилазалардың әртүрлі ақуыз ингибиторларын синтездеуге және жинақтауға қабілетті. Кейбір ғылыми жетістіктерге қарамастан, бидай дәнінің ақуыз ингибиторы α-амилаза/субтилизин туралы ақпарат жеткіліксіз. Сонымен қатар, өнген бидай дәнінен нан пісірген кезде оның сапасын қалпына келтіруге ықпал еткен α-амилазаның артық белсенділігін сырттан қосылған ингибитор арқылы басады.

Біздің жұмысымызда эндоспермдегі және дәннің  перифериялық бөліктеріндегі (қабық, алейрон) α-амилаза  ақуызды ингибиторының (АИ) локализациясы анықталды. Эндоспермде ақуыз бос күйінде немесе крахмал түйіршіктерімен ассоциацияланған болуы мүмкін. Ұрық бөлігінде ингибитор анықталмады. АИ крахмал түйіршіктерімен ферменттің байланысуна жауапты орталыққа аз ықпал ете отырып, бидай дәнінің Аmy1 α-амилазасының каталитикалық орталығын тежейді. Автолитикалық белсенділігі жоғары бидай ұнының тоғыз үлгісіндегі α-амилазаның белсенділігі мен компоненттік құрамы талданды (Түсу саны 248-ден 72-ге дейін).  Алдыңғы зерттеулерде бөліп алған бидай ингибиторының қоспалары және дән кебегінен алынған шикі сығындының α-амилазасына ферментіне әсеріне ТС 91 сек шрот ең гетерогенді спектр көрсетті. Тәжірибе нәтижелері төмен Тусу саны бар шрот сығындысына тазартылған және шикі ингибиторлардың екі препаратын қосу арқылы әсер ету α-амилаза (Amy1) белсенділігінің төмендеуіне әкелді. Жұмыстың жаңалығы ақуызды ингибиторлардың локализациясы мен бидайдың α-амилазасының каталитикалық орталығын тежейтіні анықталды.

Біографії авторів

  • автор Н.С. Мамытова, афіліація Al-Farabi Kazakh National University

    Мамытова Нургуль Сабазбековна (корреспонденция авторы) – PhD, аға оқытушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан, e-mail: mamytovanur@gmail.com

  • автор Ж. Сергаликызы, афіліація Al-Farabi Kazakh National University

    Сергаликызы Жансая – магистр, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

  • автор Ш.М. Ыргынбаева, афіліація Al-Farabi Kazakh National University

    Ыргынбаева Шынар Мухаметжановна - б.ғ.к., аға оқытушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

  • автор В.А. Кузовлев, афіліація М.Ә. Айтхожин атындағы молекулярлық биология және биохимия институты, Алматы, Қазақстан

    Кузовлев Владимир Анатольевич – б.ғ.к., жетекші ғылыми қызметкер, М.Ә. Айтхожин атындағы молекулярлық биология және биохимия институты, Алматы, Қазақстан

  • автор А.А. Хакимжанов, афіліація М.Ә. Айтхожин атындағы молекулярлық биология және биохимия институты, Алматы, Қазақстан

    Хакимжанов Айдар Атымтаевич – б.ғ.к., зертхана меңгерушісі, М.Ә. Айтхожин атындағы молекулярлық биология және биохимия институты, Алматы, Қазақстан, e-mail: aidar1611@gmail.com

Завантаження

Опубліковано

2024-09-20

Номер

Розділ

БИОТЕХНОЛОГИЯ, БИОХИМИЯ И ФИЗИОЛОГИЯ РАСТЕНИЙ

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають