Қазақстандық терек будандарын көбейту әдістері

Автор(и)

  • Z. R. Mukhitdinova Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақстан, Алматы
  • T. T. Turdiyev Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақстан, Алматы
  • S. N. Frolov Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақстан, Алматы
  • I. Y. Kovalchuk Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақстан, Алматы
  • N. K. Rymkhanova Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақстан, Алматы
  • А. P. Besshetnov Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақстан, Алматы

DOI:

https://doi.org/10.26577//eb.2020.v82.i1.05

Анотація

Mикроклондап көбейту арқылы контейнерге көшіріп өсіру үйлесімділігі орман шаруашылығы саласын терек будандары көшеттерімен тез арада қамтамасыз етуді жылдамдатады. Зерттеу объектілеріне Қазақстанда сұрыптау арқылы шығарылған теректің “Казахстанский”, “1967”, “Превосходный”, “39/64”, “1/86” будандары алынды. In vitro жағдайында терек будандарының залалсыздандырылған өсімдіктерін алу үшін алдымен сабынды сумен 10 минут жуылғаннан кейін «Белизна» (1:1) ағартқышымен 10 минут, 70% этил спиртімен 5 минут және 0,1% (HgCl2) хлорлы сынап ерітіндісімен 5 минут өңделгеннен кейін 3 рет қайтара залалсыздандырылып дистилденген сумен жуылуы аса тиімді болды. Микроклондау кезінде болатын жасырын инфекциялық микрофлора арнайы VISS ортасының көмегімен тексерілді. Экспланттарын көбейтуге Мурасиге, Скуг қоректік ортасының оңтайлы нұсқасының құрамы болып: В1 витаминін – 0,5 мг/л, БАП цитокининін – 0,1 мг/л, гиберелл қышқылын (ГК) – 0,02 мг/л және сахарозаның орнына глюкозаны 20 г/л қолдану аса ұтымдылығымен байқалып, терек будандары сабақтарының ерекше жақсы дамып, жайқалып өсуімен ерекшеленді. Ал терек сабақтарының қарқынды тамырлануы 0,2 мг/л нафтил сірке қышқылы (НСҚ) қосылған Woody Plant Medium қоректік ортасында байқалды. Барлық терек будандарының тамырлану көрсеткіші 95% құрады. Тамырланған өркендерді in vivo жағдайына ауыстыру, яғни топыраққа ауыстыру кезінде жоғары өнгіштігіне 10 % құм, 40 % торф, 50 % қара топырақ қосылған субстрат қолайлы болды. 

Түйін сөздер: терек, микроклондап көбейту, бұтақтар, будандар, in vitro, in vivo жағдайына енгізу, эксплант.

Завантаження

Опубліковано

2020-08-12

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають