Eichhornia crassipes су өсімдігінің жапырақ және тамырындағы биологиялық белсенді заттар

Автор(и)

  • A. A. Ramazanova
  • G. I. Yernazarova
  • S. K. Turasheva

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2018-4-1363

Анотація

Қазіргі  таңда  биотехнологиялық өнім көздері болып табылатын кең ауқымды биологиялық  белсенді  заттар құрамы  кездесетін өсімдіктерді зерттеу  өзекті мәселелер болып табылады. Бұл зерттеу жұмысының негізгі мақсаты Алматы облысының көлшіктерінде кең таралған Eichhornia crassipes су өсімдігін модельді тәжірибе жағдайында өсіріп,  құрамындағы биологиялық белсенді заттарды жинақтау деңгейін анықтау болды.  Осы тұрғыдан алғанда Eichhornia crassipes жоғары сатыдағы  су өсімдігін перспективалы объект ретінде  қарастыруға болады, себебі  өсімдіктердің әртүрлі биологиялық  белсенді  заттары толық зерттелмеген нысана. Зерттеудің  практикалық  маңызы  көлшіктер  мен суқоймаларындағы өсімдіктердің  биологиялық  белсенді заттарын анықтап  медициналық құндылығын  айқындау. Сондықтан, Eichhornia crassipes   өсімдігінің  жер  үсті  (жапырағы мен  сабағы)  және  жер  асты  бөлігінен  (тамырынан) биологиялық  белсенді   заттардың сандық және сапалық құрамы анықталды. Тәжірибе нәтижесі бойынша сапалық көрсеткіштерден  биологиялық  белсенді заттар құрамы бойынша ең көп мөлшерде илік заттар, фенол қышқылдары, флаваноидтар, полисахаридтер айқындалды. Ал сандық көрсеткіштер бойынша, өсімдіктің  жер үсті бөлігінде илік заттар мөлшері 6,73%, полисахаридтер 5,91%,  флаваноидтар 3,39 %,  фенол қышқылдары 1,06%,  кумариндер 0,82 %.  Тамыр құрамында да ең көп кездесетін  биологиялық  белсенді заттарға илік заттар 7,48%, полисахаридтер 2,64%,  антрахинондар  2,59 %,  белоктар 0,73%, алкалоидтар мөлшері 0,13% екені анықталды. Алынған нәтижелер биотехнологиялық мамандықтар зертханасында ғылыми-зерттеу эксперименттерін жүргізу кезінде зертханалық жұмыстарды орындауда  және өсімдіктердің биологиялық белсенді заттарының құрамын анықтау үшін зертханалық жұмыстар ретінде пайдаланылады.

Түйін  сөздер: Eichhornia crassipes, биологиялық белсенді заттар, илік  заттар,  полисахаридтер.

Завантаження

Опубліковано

2019-01-31

Номер

Розділ

ФИЗИОЛОГИЯ И БИОХИМИЯ РАСТЕНИЙ

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають

1 2 > >>