АҒЫНДЫ СУЛАРДАҒЫ ПОЛИФОСФАТ ЖИНАҚТАУШЫ ОРГАНИЗМДЕРДІҢ АЛУАНТҮРЛІЛІГІ МЕН МЕТАБОЛИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb1083202616Кілт сөздер:
фосфор, эвтрофикация, полифосфаттар, микроорганизмдер және ағынды суларАңдатпа
Ағынды сулардағы фосфорды тиімді жою қазіргі экологиялық қауіпсіздік пен су ресурстарын ұтымды басқарудағы мағызды бағыттарының бірі болып отыр. Фосфор (P) – тірі ағзалар үшін керекті биологиялық элемент болғанымен, оның ағынды сулар арқылы табиғи су айдындарына шамадын тыс түсуі эвтрофикация үдерісін күшейтіп, су экожүйесінің деградациясына алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, Р тым көп мөлшері судағы оттегінің тапшылығына алып келіп, нәтижесінде биологиялық әртүрліліктің азаюына түрткі болуы мүмкін. Осыған байланысты, ағынды суларды P-дан тазарту қоршаған ортаны қорғаудың және тұрақты дамудың өзекті мәселелерінің бірі ретінде қарастырылуда. Дәстүрлі физикалық және химиялық әдістер Р-ны жоюда белгілі бір тиімділікке ие болғанымен, олар көптеген реагент шығындарын, қосымша тұнбаның түзілуін және пайдалану шығындарының артуын талап етеді. Соңғы жылдары, бұл кемшіліктерді азайту мақсатында фосфорды биологиялық жолмен күшейтілген жою, яғни ФБКЖ технологияларына ерекше көңіл бөлінуде. ФБКЖ жүйесі ағынды сулардағы Р-ды химиялық тұндырғыштарды қолданбай-ақ өте төмен деңгейге дейін азайтуға мүмкіндік беретіндігі анықталған. Бұл процесс полифосфат жинақтаушы организмдердің, яғни ПЖО Р-ды көптеген мөлшерде сіңіріп алып, оны жасуша ішінде полифосфат (РоlyP) түрінде сақтау қабілетіне негізделген. ПЖО анаэробты және аэробты жағдайлар кезектескен кезде Р-ды тиімді түрде жоя алады. Сондықтан, ФБКЖ технологиясы экологиялық қауіпсіз, экономикалық жағынан тиімді және ұзақ уақыт бойы тұрақты жұмыс істей алатын құрылғы болып табылады. Осылайша, ағынды сулардағы фосфорқұрамды қосылыстарды жоюда микроорганизмдерді қолдану биотехнологиядағы заманауи су тазарту технологияларының перспективалы бағыты болып табылады. Біздің ойымызша, аталған тәсіл судағы экожүйелерді қорғауға, ағынды суларды тазарту тиімділігін арттыруға және антропогендік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бұл мақалада біз ағынды сулардан Р-ды жоюда қолданылатын микроорганизмдерге қатысты зерттеулердегі бос орындарды қарастырдық. Атап айтқанда, олардың шығу тегі бойынша алуантүрлілігі мен метаболикалық ерекшеліктеріне назар аудардық.








