Fragaria ananassa Duch. бақты құлпынайдың ремонтантты бұдан түрлерін in vitro клондық микрокөбейту

Авторлар

  • S. K. Turasheva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • S. K. Mukhambetzhanov әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • S. B. Orazova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • B. Kosalbaev әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. B. Zhardamalieva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • D. B. Aitbaeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • N. Zh. Omirbekova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EB-2017-4-1301

Кілт сөздер:

Fragaria аnanassa Duch. бақты құлпынай, in vitro клондық микрокөбейту, өсу реттегіштер, көшет материал

Аңдатпа

Fragaria аnanassa  Duch. ремонтантты бақты құлпынайдың бұдан түрлерінің микроклондық көбейту технологияның ерекшеліктері зерттелінді. Дәстүрлі селекция бойынша құлпынайды вегетативті жолымен көбейтіп алады, бірақ ремонтантты құлпынай үшін вегетация кезеңі барысында әр 1-2 сабақтан бір ғана бұршақ (розетка) түзілетіні болғандықтан, бұл көбейту тәсілі тиімді болмайды. Вегетативті көбейту әдістің альтернативасы in vitro клондық микрокөбейту әдісі болып келеді. Құлпынайды in vitro культураға еңгізу үшін сәуір айынан бастап мауысым айына дейін жинап алынған тамырланбаған розеткалары және үсті столондар пайдаланылды. Каллусогенез үдерісі нәтижесінде пайда болатын полиплоидтарды алу үшін жапырақ және сабақ экспланттары қолданылды. Қоректік ортаның құрамына  аскорбин қышқылы (1,5 мг/л) және өсу реттегіштері қосылған агарланған Мурасиге-Скуг (МС) негізгі орта болып келді, ал бақылау нұсқасы ретінде гормонсыз МС орта болып пайдалынды. In vitro жағдайында ремонтантты бақты құлпынайдың көбейту коэффициентін және тамырландыруын арттыру мақсатымен әртүрлі концентрацияларда 6-бензиламинопуринның (0,3-1 мг/л 6-БАП) және ауксин α-индолилсірке қышқылының (0,5-1 мг/л ИСҚ) әсері зерттелінді. Құлпынайдың нақты көбею кезіңде 0,3 мг/л 6-бензиламинопуриннің және құлпынайдың тамырландыру кезіңде 0,5 мг/л индолилсіркеқышқылдың оптимальды концентрациялары анықталынды.

Жақсы дамыған тамырлары бар in vitro өсіру барысында алынған микророзеткаларды бейімделіп гидропоникада өсірдік. Ашық топырақ стерильды емес жағдайға бейімделген өсімдіктер көшет материал ретінде қолданылған. Сонымен қатар сауықтырылған  көшет материал ары қарай жылыжайда өсіріп көбейтілді.

Жарияланды

2018-05-19

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 4 > >>