Гмелин кермегінен алынған фитопрепараттардың антиоксиаднтты және нейропротекторлы қасиеті
Кілт сөздер:
инсульт, астроциттер, нейрондар, Гмелин кермегі, оттегінің белсенді түрі.Аңдатпа
Бас миының ишемиялық зақымдалуы кезінде цитокиндерді тудыратын әсерлер мен оттегінің белсенді түрін (АФК) басатын заттарды табу инсульттен кейінгі жағдайды емдеу кезінде практикалық маңызы өте үлкен. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты in vitro жағдайында TNF-α цитокиндерін тудырушы әсерлерден адамның бас миының астроциттері мен нерв клеткаларында тотығу-тотықсыздану стрестерінің дамуына Гмелин кермегінің экстрактыларының әсерін зерттеу. Бұл жұмыста адамның бас миының фетальді клеткаларын жасанды ортада өсіру және алу әдістері қолданылды. Алынған нейрондар мен астроциттерде супероксид анионын сандық және сапалық флуоресцентті және иммуногистохимиялық әдістермен зерттелінді. Зерттеу жұмысы кезінде 30 мкг/мл мөлшердегі Гмелин кермегінің экстракты цитоцидті әсерге ие емес, одан басқа ол TNF–α улы әсерін жояды: нейрондар мен астроциттерде оттегінің белсенді түрінің түзілуіне тосқауыл қояды, астроциттерде НАДФН оксидазаның белсенділігіне кедергі болады. Сондықтан да зерттеу жұмысының нәтижелері арқылы мынадай қорытынды жасауға болады: Гмелин кермегінің экстракты антиоксидантты, астро- және нейропротекторлы қасиеттерге ие және реперфузионды синдром кезінде терапия үшін пайдалануға болады. Нейробиология мен медицинада зерттеу нәтижелерінің маңызы үлкен.








