Жануарлардың сүтіндегі ксантиноксидазаның молибденін анықтаудың жаңа жылдам әдісі
Кілт сөздер:
нитратредуктаза, нитритредуктаза? ксантиноксидаза, сүт, молибден, дитиотреитол, сульфаниламид,Аңдатпа
Молибденді фермент ксантиноксидазаның (КО) нитратредуктазалық (НаР) және нитритредуктазалық (НиР) активтіктерін зерттеулер ешкінің, түйенің және биенің сүтінің құрамындағы КО молибденсіз, сондықтан ол активтігі жоқ күйінде болатынын көрсетті. Біз сырттан берілген молибдат және тиолдарды қосып, 85оС температурада 10 минут қыздыру арқылы сүттің КО-сын активтендіру әдісін ұсындық. Молибденнің атомдары молибденді кофактордың (-SH) топтарымен байланысады. Бірақ, ферментттің температуралық денатурациясы кезінде осы SН-топтар оттегімен тотығады. Сондықтан, сүтті темпераутрамен өңдеу кезінде кофактордың SН-топтарын қорғау үшін әртүрлі антиоксиданттар қолданылды. Нар және НиР-дің активтіктері тек нитриттің мөлшерімен анықталды, себебі: (1) нитрит НаР-дың каталитикалық реакциясының өнімі; ал НиР үшін нитрит субстрат болып табылады. Нитраттың мөлшерін анықтау үшін сульфаниламид және N-(1-нафтил)-этилендиаминді пайдаланады. Біз фосфат, дитиотреитол, аскорбат және дитионит секілді антиоксиданты қосқанда сульфаниламид молибдатты көк түске (сіңіру максимумы 695 нм) бояйтынын байқадық. Цистеин немесе глутатионды антиоксидант ретінде пайдаланғанда молибден сульфаниламидпен боялмады, яғни олар нитритті анықтауға кесір келтірмейді. Дитиотреитолды, фосфатты және сульфаниламидті пайдалану арқылы сырттан берілген молибдаттың қаймақтағы май глобулаларының мицеллаларының құрамындағы КО-ның молекуласына кіретіні анықталды.








