Қазақстанның кейбір эндем өсімдіктерінің эфир майларының антимикробтық белсенділігі

Авторлар

  • S. V. Kushnarenko Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • G. A. Utegenova Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • А. А. Shegebaeva Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы, Қазақстан Республикасы, Астана қ.
  • G. Оzek Анадолы университеті, Түркия, Ескишехир қ.
  • Т. Оzеk Анадолы университеті, Түркия, Ескишехир қ.
  • К. Т. Аbidkulova әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • Y. А. Коtukhоv Алтай ботаникалық бағы, Қазақстан Республикасы, Риддер қ.
  • А. N. Danilova Алтай ботаникалық бағы, Қазақстан Республикасы, Риддер қ.

Кілт сөздер:

эфир майлары, антимикробтық белсенділік, Staphylococcus aureus, Escherichia coli, Candida albicans,

Аңдатпа

Қазақстанның өсімдіктерінің 9 түрінен: Artemisia kotuchovii Kupr., Artemisia scoparia Waldst. et Kit., Artemisia absinthium L., Ferula iliensis Krasn. ex Korovin, Ferula ovina (Boiss.) Boiss., Heracleum dissectum Ldb., Angelica decurrens (Ledeb.) B. Fedtsch., Thymus marschallianus Willd. және Juniperus sabina L. бөліп алынған эфир майларының 15 үлгілерінің антимикробтық белсенділігі анықталды. Эфир майлары әртүрлі вегетация фазасындағы өсімдіктердің жеке мүшелерінен бөліп алынды. Микроорганизмдердің барлық зерттелген штаммдарына қатысты ең жоғары тежеуші әсерді Thymus marschallianus эфир майы көрсетті. Thymus marschallianus эфир майы 0,31 мкг/мл концентрацияда Staphylococcus aureus, Escherichia coli және Candida albicans өсуін толығымен тежеді. Эндем түр Ferula iliensis тамырларынан алынған эфир майлары жоғары антимикробтық белсенділікке ие болды: 0,31 мкг/мл концентрацияда Candida albicans өсуін толығымен тежеді, ал 2,5 мкг/мл концентрацияда Staphylococcus aureus және Escherichia coli өсуін тежеді. Котухов жусанының гүлдері және жапырақтарынан бөліп алынған эфир майы 1,25 мкг/мл концентрацияда зерттелген барлық микроорганизмдердің өсуін тежеді. Бұл Қазақстанның эндем өсімдіктері – Ferula iliensis және Artemisia kotuchovii антимикробтық белсенділігін көрсететін бірінші зерттеу жұмысы.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

МИКРОБИОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары