ТМ-қауымдастығын құру және олардың жайылымдық дақылдарға әсері мен деградацияға ұшыраған топырақтардың биологиялық белсенділігін зерттеу
Кілт сөздер:
деградацияланған топырақ, жайылым жер, тиімді микроорганизмдер (ТМ), ТМ-қауымдастығы, топырақ құнарлылығы,Аңдатпа
Қазіргі таңда Республикада жайылым жерлердің деградациясының тұрақты беталысы байқалуда, мұндай жағдай оларды қалпына келтіру мәселесін тудырады. Ең перспективалы шешімдердің бірі ТМ-технологиясын (тиімді микроорганизмдер технологиясы) пайдалану болып табылады, бұл топыраққа тиімді микроорганизмдер қауымдастығын (ТМ-қауымдастығы) енгізуге негізделген. Зерттеудің мақсаты – штамдарды таңдау, ТМ-қауымдастығын құру және олардың шалғын шөптерге әсері мен деградацияланған топырақтың биологиялық белсенділігі болып табылады. Алматы облысының экологиялық бұзылмаған жайылымдық топырақтарынан азотфиксациялаушы, целлюлотикалық және фосфатмобилиздеуші бактериялар іріктеліп алынды, биологиялық сәйкестілігі зерттелді және тоғыз штамм бөлініп алынды. Олардың негізінде қауымдастықтың 84 нұсқасы құрылды. Анағұрлым перспективалы ТМ-қауымдастығын іріктеп алу үшін деградацияланған топырақтың биологиялық белсенділігі мен олардың жайылымдық шабынды шөптердің даму әсеріне зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша ең тиімді 4 ТМ-қауымдастығы іріктеп алынды. ТМ-қауымдастығымен өңделген дәндердің өнімділігі шабындық шөптердің көгін 25-30% арттыратындығы және топырақтың биологиялық белсенділігіне жағымды әсер ететіндігі анықталды. ТМ-қауымдастығын топыраққа енгізгенде ферменттердің белсенділігі айтарлықтай арта түседі (дегидрогеназа 6,2-7,0 ретке, каталаза және уреаза 4,5-5 ретке), ал топырақ ауасының қарқындылығы бастапқы топырақпен салыстырғанда (бақылау) 6-7 ретке көбейеді. Деградацияланған жайылымдық топырақтар осы ТМ-қауымдастықтардың негізінде қалпына келуі мүмкін.








