Көгершіндерді паразитоздарға инновациялық әдіспен зерттеу

Автор(и)

  • L. T. Bulekbayeva Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ.

Ключові слова:

паразиттер, көгершіндер, копрологиялық зерттеулер, қарапайымдар, кенелер, инновациялық және дәстүрлі әдістер.

Анотація

Көгершіндерге паразитологиялық зерттеулер Павлодар қаласында 2015 сәуір айынан 2016 жылдың сәуір айына дейін жүргізілді. Сынамалар ПМПИ жалпы биология кафедрасында зерттелді. Барлығы 186 көгершіндердін нәжіс сынамалары мен қауырсын қалдықтары зерттелінді.

Нәтижесінде Eimeria туысына жататын Eimeria labeana  қарапайымдары және Epidermoptes туысына жататын кене Epidermoptes bilobatus түрі анықталды.

Автор дәстүрлі копрологиялық зерттеулер мен жаңа инновациялық әдістерді салыстырып, жаңа әдістердің тиімділігін дәлелдеген.

Ж. Аймауытов театрының қасындағы саябақтан 65 сынаманы қалыпты зерттеу әдістерімен (Фюллеборн, Дарлинг және Шульман әдісі) зерттегенде анықталған тоғышарлар саны- 18,4%, ал инновациялық әдіспен- 24,6% жетті . Жеке меншік үйден 32 сынаманы қалыпты әдісімен зерттегенде-43,7 %, ал инновациялық -59,4% тоғышарлар анықталды. Ауған саябағында 89 сынамадан, қалыпты әдісімен - 25,8%, ал инновациялық -34,8 % тоғышарлар табылды.

Жаңа флотациялық және консервант ерітіндісі ретінде, тосол тұз және қантпен бірге және сондай қосыңды түрінде антифриз қолданылды.

Завантаження

Опубліковано

2018-01-02

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають