ГИПЕРСПЕКТРАЛДЫ ВИЗУАЛИЗАЦИЯ АРҚЫЛЫ АЛЫНҒАН СПЕКТРЛІК СИГНАТУРАЛАР НЕГІЗІНДЕ АРПА ФИТОПАТОЛОГИЯЛАРЫН ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb107220267

Ключові слова:

гиперспектралды визуализация, арпа, фитопатология, өсімдік аурулары, спектрлер

Анотація

Бұл мақала арпаның гиперспектралды сипаттамаларын зерттеуге арналған. Ауыл шаруашылығының негізгі мәселелерінің бірі – ауруларды ерте диагностикалау мүмкіндігінің шектеулілігі. Гиперспектрлік бейнелеу ауруларды ерте кезеңде анықтауға және олардың одан әрі таралуының алдын алуға мүмкіндік береді. Шаңды қаракүйе, жапырақ дақтары және тамыр шірігі сияқты арпа ауруларының спектрлік сипаттамаларын зерттеу нәтижесінде аурумен зақымданған аймақтар мен қураған өсімдік ұлпаларының шағылу коэффициенті төмен, аурудың бастапқы кезеңдерінде орташа, ал сау ұлпаларда спектр қарқындылығы жоғары болатыны анықталды. Гиперспектралды кескінде өсімдіктің ауруға шалдыққан бөліктері көк түспен, тірі, бірақ жұқтырылған ұлпалар сары түспен, ал сау бөліктері қызғылт сары, қызыл және қоңыр-қызыл түстермен бейнеленеді. Сау аймақтардың спектрлері аурумен зақымданған аймақтардың спектрлерімен салыстырғанда жоғары қарқындылыққа ие. Бұл сау ұлпаларда жарықты белсенді түрде шағылдыратын жасыл пигмент – хлорофиллдің болуымен түсіндіріледі. Эпидермис құрылымының бұзылуы, ылғалдың жоғалуы, ұлпалардың некрозы және олардың қараюы нәтижесінде шағылысқан жарықтың қарқындылығы төмендейді. Шаңды қаракүйе, тат және тамыр шірігі сияқты арпа аурулары сау ұлпалардың ыдырауына әкелетін, фотосинтетикалық жүйелердің белсенділігін төмендететін...

Біографії авторів

  • автор Р.М. Уалиева, афіліація Торайғыров университеті, Павлодар, Қазақстан

    Уалиева Римма Мейрамовна (хат-хабар авторы) – PhD, «Биология және экология» кафедрасының профессоры, Торайғыров университеті (Павлодар, Қазақстан, email: ualiyeva.r@gmail.com)

  • автор А.В. Осипова, афіліація Торайғыров университеті, Павлодар, Қазақстан

    Осипова Анастасия Вячеславовна – магистрант, «Биология және экология» кафедрасы, Торайғыров университеті (Павлодар, Қазақстан, email: aanastasiyaaa@internet.ru)

  • автор Н.А. Диянчук, афіліація Торайғыров университеті, Павлодар, Қазақстан

    Диянчук Никита Александрович – бакалавриат студенті, «Биология және экология» кафедрасы, Торайғыров университеті (Павлодар, Қазақстан, email: nik.diyanchuk@gmail.com)

  • автор M.M. Каверина, афіліація Торайғыров университеті, Павлодар, Қазақстан

    Каверина Мария Михайловнажаратылыстану ғылымдарының магистрі, «Биология және экология» кафедрасының кіші ғылыми қызметкері, Торайғыров университеті (Павлодар, Қазақстан, email: k.ma96@mail.ru)

  • автор С.Б. Жангазин, афіліація Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан

    Жангазин Саян Берикович PhD, қауымдастырылған профессор, Жаратылыстану ғылымдары институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары м.а., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана, Қазақстан, email: sayanzhangazin@gmail.com)

  • автор А.У. Туякбаева, афіліація Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан

    Туякбаева Акмарал Усерхановна – биология ғылымдарының кандидаты, «Биотехнология және микробиология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана, Қазақстан, email: akmaral.t@inbox.ru)

     

Завантаження

Опубліковано

2026-06-20

Як цитувати

ГИПЕРСПЕКТРАЛДЫ ВИЗУАЛИЗАЦИЯ АРҚЫЛЫ АЛЫНҒАН СПЕКТРЛІК СИГНАТУРАЛАР НЕГІЗІНДЕ АРПА ФИТОПАТОЛОГИЯЛАРЫН ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ. (2026). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 107(2), 54-80. https://doi.org/10.26577/bb107220267

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають