ҚҰЛПЫНАЙ (FRAGARIA ANANASSA DUCH.) СОРТТАРЫН IN VITRO ЖАҒДАЙЫНДА ЕНГІЗУ ШАРТТАРЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb20251058

Ключові слова:

стерильдеуші агенттер, қоректік орта, in vitro културасына енгізу, экспланттар, сорт, құлпынай (Fragaria ananassa Duch.)

Анотація

Құлпынайды (Fragaria ananassa Duch.)in vitro жағдайында өсіру – вегетативті көбейтудің тиімді әдісі болып табылады. Бұл тәсіл қысқа уақыт ішінде генетикалық біртекті және вируссыз өсімдік материалын алуға мүмкіндік береді. Әдістің негізі – өсімдік экспланттарын, негізінен меристемаларды, асептикалық жағдайда арнайы қоректік ортада өсіру арқылы олардың регенерациясына және толыққанды өсімдікке айналуына жағдай жасау.  Бұл мақалада құлпынайды in vitro жағдайында өсірудің жекелеген кезеңдерін оңтайландыру, стерильдеуші агенттерді таңдау және экспланттарды қоректік ортаға отырғызу нәтижелері келтірілген. Зерттеу нысандары ретінде Федерика (Federica), Сан-Андреас (San-Andreas), Брин (Brin) сорттары пайдаланылды. Экспланттарды in vitro культурасына енгізу үшін әртүрлі концентрация мен экспозиция уақытындағы стерильдеуші заттар қолданылды: 0,1% сынап хлориді (HgCl₂) (3, 4, 5 минут), натрий гипохлориді (3, 4, 5 минут) және 12% сутегі асқын тотығы (5, 7, 9 минут). Зерттеу нәтижелері бойынша, 0,1% HgCl₂ ерітіндісін 5 минут қолдану кезінде өміршең экспланттардың ең жоғары шығымдылығы байқалды, олардың тіршілік ету көрсеткіші шамамен 85%-ды құрады. Кейінірек апикальді меристемалар Мурасиге–Скуг (МС) қоректік ортасына отырғызылды, оған бензиламинопурин (БАП) әртүрлі концентрацияларда қосылды. Экспланттарды өсіру үшін ең тиімді орта – құрамында 0,5 мг/л 6-БАП бар МС ортасы болып анықталды. Бұл ортада құлпынай экспланттарының өміршеңдігі 70–80% аралығында болды.

Біографії авторів

  • автор Н.К. Динанова, афіліація Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Динанова Нагима Керимбековна – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология кафедрасының PhD докторанты, М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының биотехнология және молекулалық генетика зертханасының зертханашысы, (Алматы, Казақстан, е-mail: njumad581@gmail.com)

  • автор К.П. Аубакирова , афіліація М.А.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия ғылыми-зерттеу институты, Алматы, Қазақстан

    Аубакирова Карлыгаш Пазилхаковна – PhD, қауымдастырылған профессор, М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының биотехнология және молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі, (Алматы, Казақстан, е-mail: karla_78@mail.ru)

  • автор А. Рахатқызы, афіліація М.А.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия ғылыми-зерттеу институты, Алматы, Қазақстан

    Рахаткызы Акбота – М.А.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының биотехнология және молекулалық генетика зертханасының кіші ғылыми қызметкері, (Алматы, Казақстан, е-mail: akbotarahatkyzy1@gmail.com)

  • автор Л.С. Ерболова, афіліація С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті, Алматы, Қазақстан

    Ерболова Лаура Сериккановна – PhD, М.А.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының биотехнология және молекулалық генетика зертханасының аға ғылыми қызметкері, (Алматы, Казақстан, е-mail: yerbolova.laura7@gmaıl.com)

  • автор Ж.Н. Бақытжанова, афіліація М.А.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия ғылыми-зерттеу институты, Алматы, Қазақстан

    Бакытжанова Жибек Нурланкызы – М.А.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының биотехнология және молекулалық генетика зертханасының зертханашысы, (Алматы, Казақстан, е-mail: bakytzhanovazhibek@gmail.com)

  • автор М. Георгиева, афіліація Мал шаруашылығы және егіншілік институты, Троян, Болгария

    Мария Георгиева – профессор, Мал шаруашылығы және егіншілік институты жидек дақылдарын микроклональді  көбейту зертханасының меңгерушісі, (Троян, Болгария, е-mail: mariageo@gmail.com)

  • автор Н.Н. Галиакпаров, афіліація М.А.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия ғылыми-зерттеу институты, Алматы, Қазақстан

    Галиакпаров Нурбол Нурпатович  – PhD, қауымдастырылған профессор М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының биотехнология және молекулалық генетика зертханасының  жетекші ғылыми қызметкері, (Алматы, Казақстан, е-mail: nurbol.gal@gmail.com)

Завантаження

Опубліковано

2025-12-20