ЖЫРТҚЫШТАРДЫҢ СИНАНТРОПТАНУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АНТРОПОГЕНДІ ЛАНДШАФТТАҒЫ ЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА)

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb20251055

Ключові слова:

урбандалған ландшафттар, жыртқыш құстар, Қызылорда қаласы, көк кептер, синантропизация

Анотація

Мақалада Қызылорда қаласының авифаунасын есепке алу нәтижелері бойынша Қазақстанның оңтүстік-батысындағы урбандалған аумақтардағы жыртқыш құстар фаунасының кеңістіктік-уақыттық орналасуын талдау ұсынылған. Жыртқыш құстардың 8 түрі тіркелді, мысалы, Circus cyaneus, Circus aeroginosus, Accipiter nisus, Buteo rufinus, Buteo buteo, Aqulia nipalensis, Falco subbuteo, Falco tinnunculus. Жыртқыш құстардың мекендеу ықтималдығы қаланы кесіп өтетін темір жолдың арғы беті мен жаңа бөлігіндегі шектеулі көгалдандырылған тығыз орналасқан аз қабатты құрылыстармен теріс байланысты болды. Сонымен қатар, қаланың ескі орталық бөлігінде көгалдандырусыз тығыз орналасқан құрылыстары кәдімгі күйкентайдың өмір сүруіне қолайлы жағдайларға ие (азық қоры, ұялау стациясы). Жыртқыш құстардың мекендеу ықтималдығы ағаш және/немесе бұталардың шағын топтары бар Сырдария өзенінің жайылмалары мен бос кеңістіктеріне оң байланысты болды. Қаланың солтүстік-шығыс мүйісінде орналасқан ҚТҚ полигонының айналасы тілеміш пен жамансары үшін азық қоры ретінде пайдаланылса, әуежай аумағында кәдімгі жамансары, дала қыраны және күйкентай мекендейді. Қызылорданың урбандалған ландшафттарында тіркелген ең көп құс – көк кептер. Осы зерттеуге сүйене отырып, өз аумағы мен айналасындағы көк кептерлердің санын реттеуге және жыртқыш құстарды сақтауға мүдделі кәсіпорындарға (астық қоймасы, әуежай) және жергілікті атқарушы органдарға көбірек жергілікті өсімдіктер мен бұталарды сақтауға немесе отырғызуға және жасыл алаңдарды сақтауға кеңес береміз.

Біографії авторів

  • автор Н.С. Сиханова, афіліація Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан

    Сиханова Нургуль Сагиндыковна – PhD, «Электроэнергетика, техносфералық қауіпсіздік және экология» БББ қауымдастырылған профессоры м.а., Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда, Қазақстан, е-mail: sihanova.nurgul@mail.ru )

  • автор И.И. Рахимов, афіліація Қазан (Еділ бойы) федералды университеті, Қазан, Ресей

    Рахимов Ильгизар Ильясович – биология ғылымдарының докторы, профессор, «Биоэкология және қоғамдық денсаулық» кафедрасының меңгерушісі, Қазан федералды университеті (Қазан, Ресей, е-mail: rakhim56@mail.ru)

  • автор А.Ж. Берденқұлова , афіліація Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан

    Берденқұлова Алмагүл Жеткербайқызы – биология ғылымдарының кандидаты, «Биология, география және химия» БББ аға оқытушысы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда, Қазақстан, е-mail: alma7707@mail.ru)

  • автор Е.А. Шынбергенов, афіліація Кызылординский университет имени Коркыт Ата, Кызылорда, Казахстан

    Шынбергенов Ерлан Алимжанович – PhD, «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» БББ қауымдастырылған профессоры м.а., Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда, Қазақстан, е-mail: shynbergenov.erlan@mail.ru)

Завантаження

Опубліковано

2025-12-20

Як цитувати

ЖЫРТҚЫШТАРДЫҢ СИНАНТРОПТАНУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АНТРОПОГЕНДІ ЛАНДШАФТТАҒЫ ЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА). (2025). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 105(4), 45-62. https://doi.org/10.26577/bb20251055

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають