ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ФЛОРАСЫНДАҒЫ ҚЫНАЛАР МЕН МҮКТЕРДІҢ ТАРАЛУЫ МЕН ЭКОЛОГИЯСЫ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb20251051

Ключові слова:

Флористика, биоиндикация, Candelaria, Xanthoria, Physcia, Parmelia, Polycauliona Vulpicida, Tortula muralis, Bryum argenteum

Анотація

Шымкент қаласында жүргізілген флористикалық зерттеулер нәтижесінде, қыналар мен мүктердің түрлік құрамы ылғалды аймақтармен салыстырғанда әлдеқайда шектеулі екені анықталды. Бұл жағдай жергілікті климаттың құрғақтылығы және урбанизацияның артуымен тығыз байланысты. Қыналар мен мүктердің нақты түрлерін анықтап, олардың таралу ерекшеліктерін зерттеу үшін арнайы ботаникалық зерттеулер жүргізу қатжет. Аталған зерттеулер қыналар мен мүктердің таралу картасын жасауға және олардың экологиялық маңызын бағалауға мүмкіндіктер береді. Қаладағы урбанизация мен климаттың өзгеруі бұл өсімдіктердің популяциясына кері әсер етуде. Қыналардың таралуы сирек, көбінесе Candelaria, Xanthoria, Physcia, Parmelia, Polycauliona және Vulpicida туыстарына жататын түрлер кездеседі. Бұл қыналардың экологиялық шектеулерге өте сезімтал екендігін көрсетеді. Мүктер арасында кең таралған түрлерге Tortula muralis, Brium argenteum, Sphagmum palustre, Sphagmum fuscum, Polytrichum commune, Funaria higrometrica жатады. Ал  су айдындарында Riccia fluitans, Fontinalis antipyretica кездеседі. Сонымен қатар, бұл зерттеулер экожүйенің жалпы тұрақтылығын түсінуге және қоршаған ортаны қорғау шараларын жетілдіруге ықпал етеді.    

Біографії авторів

  • автор A. Ахмет, афіліація М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Өндірістік биотехнология» ҒЗЗ, Шымкент, Қазақстан

    Ахмет Айнагүл – PhD доктор, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Өндірістік биотехнология» ғылыми- зерттеу зертханасының жетекші ғылыми қызметкері; e-mail: aina_756@mail.ru 

  • автор А.У. Исаева , афіліація Шымкент университеті, Шымкент, Қазақстан

    Исаева Акмарал Умирбековна - биология ғылымдарының докторы, профессор, Шымкент университетінің ғылым жөніндегі проректоры, «Биология және экология» Ғылыми-зерттеу институтының директоры, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Биотехнология» кафедрасының профессоры; e-mail: akmaral.issayeva@bk.ru

  • автор Т.У. Байдуйсенова , афіліація Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан

    Байдуйсенова Тогжан Улдарбековна - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің аға оқытушысы; e-mail: togzhan_0301@mail.ru

  • автор А.К. Косауова , афіліація Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан

    Косауова Акерке Колдасыновна - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің аға оқытушысы; e-mail: kosauova.akerke@mail.ru

Завантаження

Опубліковано

2025-12-20

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають