ХҚТУ БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫНДАҒЫ JUGLANS NIGRA L. ТҮРІНІҢ ЖЕРСІНДІРІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ МОРФО-АНАТОМИЯЛЫҚ, ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb20251052

Ключові слова:

фенологиялық бақылау, топырақ құрамы, анатомиялық ерекшеліктер, құрғақшылыққа төзімділік, Juglans nigra L

Анотація

Мақалада Оңтүстік Қазақстан жағдайында Juglans nigra L. өсімдігінің морфологиялық дамуы мен бейімделу ерекшеліктері зерттелді. Зерттеудің мақсаты – J. nigra морфологиялық, физиологиялық және анатомиялық сипаттамаларын анықтап, оның дамуына топырақ-климаттық факторлардың әсерін бағалау. Зерттеу міндеттеріне фенологиялық фазаларды бақылау, биометриялық өлшеулер жүргізу, ұлпа құрылымын талдау және топырақтың өсімдік өсуіне әсер ететін қасиеттерін анықтау кірді. Зерттеу Халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағында жүргізілді. Алынған нәтижелер бойынша J. nigra аймақтың климаттық жағдайларына жоғары бейімделгіштік танытты. Вегетациялық кезең тұрақты өсу қарқынымен, қуатты тамыр жүйесінің қалыптасуымен және өсімдіктердің жоғары өміршеңдігімен сипатталды. Топырақтың құрамы мен ылғалдылық деңгейі көшеттердің даму қарқындылығына айтарлықтай әсер ететіні анықталды. Физиологиялық зерттеулер өсімдіктерде су балансын сақтауға және құрғақшылыққа төзімділікті қамтамасыз ететін көрсетті. Анатомиялық зерттеулер ұлпалардың беріктігін арттырып, ылғал жоғалуын азайтатын қорғаныс құрылымдарының қалыптасқанын дәлелдеді. Топырақ талдаулары өсімдіктің сәтті өсуіне қажетті қоректік элементтердің жеткілікті екенін көрсетті. Зерттеу нәтижелері J. nigra құрғақ аймақтарда жерсіндіру, сондай-ақ оның тұрақтылығы мен өнімділігін арттыруға бағытталған агротехникалық әдістерді оңтайландыруда пайдалануға мүмкіндік береді.

Біографії авторів

  • автор Ғ.И. Исаев, афіліація Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан

    Исаев Ғани Исаұлы – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қауымдастырылған профессоры, ҚазҰЖҒА корреспондент мүшесі (Қазақстан, Түркістан қ., e-mail: gani.isayev@ayu.edu.kz)

  • автор Б.Қ. Маулен , афіліація Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан

    Маулен Биганым Қожахметқызы – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистранты (Қазақстан, Түркістан қ., e-mail: biganym.maulen@ayu.edu.kz)

  • автор Н.Н. Салыбекова, афіліація Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан

    Салыбекова Нұрдана Нұртайқызы – PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қауымдастырылған профессоры (Қазақстан, Түркістан қ. , e-mail:  nurdana.salybekova@ayu.edu.kz)

  • автор И.Ғ. Икрамов, афіліація Аймақтық инновациялық университеті, Шымкент қ., Қазақстан

    Икрамов Ильяс Ғалымбетұлы – PhD, Аймақтық инновациялық университеті, (Қазақстан, Шымкент қ., е-mail: ilias_91_24@mail.ru)

  • автор А.И. Әзімбай, афіліація Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан

    Әзімбай Абылайхан Исаханұлы - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы (Қазақстан, Түркістан қ., e-mail: abylayhan.azimby@mail.ru)

  • автор Е.Н. Балтабай, афіліація Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан

    Балтабай Ербол Нұрсұлтанұлы – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистр оқытушысы (Қазақстан, Түркістан қ., e-mail: yerbol.baltabay@ayu.edu.kz)

  • автор Қ.Қ. Құлымбет, афіліація Ө.О.Оспанов атындағы қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, Алматы қ., Қазақстан

    Құлымбет Қанат Қайратұлы (корреспондент-автор) – PhD, Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, Топырақ экологиясы бөлімінің ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, электронды пошта: qulymbet.qanat@gmail.com)

Завантаження

Опубліковано

2025-12-20

Як цитувати

ХҚТУ БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫНДАҒЫ JUGLANS NIGRA L. ТҮРІНІҢ ЖЕРСІНДІРІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ МОРФО-АНАТОМИЯЛЫҚ, ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ. (2025). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 105(4), 14-25. https://doi.org/10.26577/bb20251052

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають