ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АУМАҒЫНДА E. LONGISTIPITATA REGEL ӨСІМДІГІНІҢ ТАРАЛУЫ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb.2024.v100.i3.03

Ключові слова:

E.longistipitata Regel, Батыс Тянь-Шань, эфемероид, гербарий, эндемикалық, Орталық Азия, географиялық таралуы, онтогенез

Анотація

E. longistipitata Regel - батыс Тянь-Шань тау бөктерінде өсетін Орталық Азияның эндемикалық өсімдігі. Бүгінгі таңда бұл өсімдік ісікке қарсы, антиоксидантты және қабынуға қарсы қасиеттерінің арқасында әлемдік ғылыми қауымдастықтың қызығушылығын тудырады. Бұрын гербарий коллекцияларына талдау жүргізілген жоқ, сондықтан біз алғаш рет Орталық Азиядағы алғашқы және ең ірі гербарий коллекцияларының бірін – Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Ботаника институтын және GBIF базасының мәлеметтерін, әлемдік әртүрлілік туралы ғылыми ақпарат жинау үшін құрылған.. 1916 жылдан 2020 жылға дейінгі 100-ден астам гербарий үлгілері зерттелді. Гербарий үлгілері арқылы E.longistipitata популяцияларының 37 нақты нақты орны GPS координаттарымен анықталды. E. longistipitata популяциялары Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан сияқты бес Орта Азия мемлекеттерінің аумағында табылды. Қазақстан аумағында Батыс Тянь-Шань, Памир-Алай және Қаратау тау бөктерінде өсімдік объектілері анықталды. Ұсынылып тұрған зерттеу Орталық Азиядағы E. longistipitata таралу аймағы туралы ақпаратты нақтылауға және толықтыруға мүмкіндік берді.

Біографії авторів

  • автор Ж.Е. Айменова, афіліація М.Әуезов атындағы оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан

    Айменова Жанар Еркеновна – PhD, «Фитохимия» ғылыми-зерттеу зертхананың меңгерушісі, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан, e-mail: zhanar.aimenova@auezov.edu.kz

  • автор А.Д. Матчанов, афіліація Биоорганикалық институты, Ташкент қ., Өзбекістан

    Матчанов Алимжан Давлатбаевич – Химия ғ ылымдарының докторы, профессор, Тәжірибелік-технологиялық зертхананың меңгерушісі, Өзбекстан Республикасы ғылым академиясының биоорганикалық химия институты, Ташкент қ., Өзбекстан, e-mail: olim_0172@mail.ru

  • автор Ш.Е. Дуисебаев, афіліація М.Әуезов атындағы оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан

    Дуйсебаев Шынгискан Ергалиевич – магистр, «Фитохимия» ғылыми-зерттеу зертхананың ғылыми қызметкері, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан, e-mail: shyngys.86@mail.ru

  • автор С.Д. Джуманов, афіліація Ақсу-Жабағылы табиғи мемлекеттік қорығы, Жабағлы а., Қазақстан

    Джуманов Сматулла Джораевич – Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының ғылым және мониторинг бөлімінің бастығы, Жабағылы а., Қазақстан, e-mail: samat.reserve@mail.ru

  • автор А.М. Есимова, афіліація М.Әуезов атындағы оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан

    Есимова Анар Маденовна – химия ғылымдарының кандидаты, Биотехнология кафедрасы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан, e-mail: anar_esimova@mail.ru

Завантаження

Опубліковано

2024-09-20

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають