ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САҚТАУ НӘТИЖЕСІНДЕ ТОПЫРАҚ ҮЛГІЛЕРІНДЕГІ БРОМНЫҢ ЖОҒАЛУЫ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb202510437

Ключові слова:

топырақ, бром, йод, жоғалуы, ұшпалылық.

Анотація

Аңдатпа. Бұл мақалада топырақ үлгілерін ұзақ уақыт сақтау кезінде бромды жоғалту мәселесі зерттелген. Ол үшін Құлынды жазығының топырақ үлгілері зерттелді. Бұл жазықтың топырақ жамылғысының негізі жер асты суларынан бөлініп дамитын суайрық кеңістіктердегі қара топырақтар мен қара қоңыр топырақтарынан тұрады. Беткейлерде және төмендіктерде жартылай гидроморфты және гидроморфты кебірлер мен шалғынды, көбінесе шалғынды сортаңды топырақтар кең таралған. Тектік қабаттар бойынша іріктелген топырақ үлгілерінде гумустың құрамы, Качинский бойынша натрий пирофосфаты арқылы сынама дайындаумен гранулометриялық құрам, потенциометрия әдісімен рН анықталды. Зерттеу нәтижелері топырақ үлгілерін ұзақ уақыт сақтау, жалпы бромның айтарлықтай жоғалуына әкелетінін көрсетті, топырақ үлгілерінде бромның барын талдау, оларды кептіріп, үгіткеннен кейін бірден жүргізілуі керек. Біз сондай-ақ йодтың жоғалуын зерттедік. Йодтың жоғалу пайызы 2-39,02 % аралығында өзгеріп отырады. Жоғалуларда қатаң заңдылықтар табылған жоқ. Йодтың жоғалуы туралы жарияланған зерттеулер ұзақ уақыт бұрын жүргізілді, бромның жоғалуы туралы мәліметтер мүлдем жоқ. Сақтаудың әр түрлі кезеңдеріндегі бір топырақ үлгісі үшін екі галогеннің жоғалуын талдау, сақтау мерзімі бойынша ұсыныстар жасау үшін өте пайдалы болар еді.

Біографії авторів

  • автор Г.А. Конарбаева, афіліація РҒА СБ Агрохимия және топырақтану институты, Новосибирск, Ресей

    Доктор биологических наук, ведущий научный сотрудник Института почвоведения и агрохимии СО РАН (Новосибирск, Россия, е-mail: konarbaeva@issa-siberia.ru )

  • автор З.М. Сергазинова, афіліація NJSC «Toraigyrov University», Pavlodar, Kazakhstan

    PhD, ассоц. профессор (доцент) НАО «Торайгыров университет» (Павлодар, Казахстан, е-mail: wwwszm@mail.ru )

  • автор В.В. Дёмин , афіліація РҒА СБ Агрохимия және топырақтану институты, Новосибирск, Ресей

    Ведущий инженер Института почвоведения и агрохимии СО РАН (Новосибирск, Россия, е-mail: elf-86.5@mail.ru

Завантаження

Опубліковано

2025-12-20

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають