ШЫНЖЫЛЫ ӨЗЕНІ МЫСАЛЫНДА (АЛАКӨЛ БАССЕЙНІ) ЖОҢҒАР АЛАТАУЫНЫҢ ШАҒЫН ӨЗЕНДЕРІНІҢ ИХТИОФАУНАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЫ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb.2021.v86.i1.013

Анотація

Қазіргі уақытқа дейін Алакөл бассейнінің шағын өзендерінің ихтиофаунасының түрлік құрамы мен жағдайы жеткілікті түрде зерттелмеген. Мұндай өзендерге экожүйенің тез өзгеруі тән және олардың ихтиофаунасы әр түрлі антропогендік және табиғи факторлардың әсеріне өте сезімтал болып келеді. 2015-2017 және 2020 жылдары Шынжылы өзенінің ихтиофаунасының құрамы қатты өзгерістерге ұшырағаны анықталды. Жүргізілген зерттеулердің негізінде Шынжылы өзенінің ихтиофаунасының құрамында тұқытәрізділер отрядының 2 тұқымдасына жататын 9 балықтың түрі табылды: қабыршақсыз көкбас, Gymnodiptychus dybowskii (Kessler, 1874), балқаш қара балығы Schizothorax argentatus (Kessler, 1874), балқаш гольяны Rhynchocypris poljakowii  (Kessler, 1879), теңбіл талма-балық Triplophysa strauchii (Kessler, 1874), біртүсті талма-балық Triplophysa labiata (Kessler, 1874), тибет талма-балығы Tryplophysa stoliczkai (Steindachner, 1866), Северцов талма-балығы Triplophysa sewerzowii (G. Nikolsky, 1938), шығыс тыраны Abramis brama orientalis (Berg, 1949) және амур шабағы Pseudorasbora parva (Temminck et Schlegel, 1846). Балықтардың қауымдастығын негізінен аборигенді балықтар құрады. Қабыршақсыз көкбас, балқаш қара балығы және теңбіл талма-балығының саны біршама жоғары болды. Сонымен, Шынжылы өзені аборигенді ихтиофаунаның резерваты және балқаш қара балығы мен қабыршақсыз көкбастың көбеюінің маңызды орны болып табылады.

Түйін сөздер: Шынжылы өзені, ихтиофауна, аборигенді, бөгде, түрлік құрам, саны.

Завантаження

Опубліковано

2021-03-03

Як цитувати

ШЫНЖЫЛЫ ӨЗЕНІ МЫСАЛЫНДА (АЛАКӨЛ БАССЕЙНІ) ЖОҢҒАР АЛАТАУЫНЫҢ ШАҒЫН ӨЗЕНДЕРІНІҢ ИХТИОФАУНАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЫ. (2021). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 86(1), 133-143. https://doi.org/10.26577/eb.2021.v86.i1.013