GYMNOSPERMIUM ALTAICUM (PALL.) SPACH (BERBERIDACEAE) – ІЛЕ-АЛАТАУЫНЫҢ ЖАБАЙЫ ЖЕМІСТІ ОРМАНДАРЫНЫҢ ЕРТЕ КӨКТЕМГІ ЭЛЕМЕНТІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb.2021.v86.i1.02Анотація
Мақалада Іле Алатауындағы жабайы жемісті алмалы және доланалы ормандар қауымдастығының флоралық құрамы сирек түр Gymnospermum altaicum (Pall.) Spach қатысуымен ұсынылды. Жоғары өсімдіктер флорасының жалпы тізімі 156 түрді, 121 туыс және 48 тұқымдасты құрайды. Олардың көпшілігі (84%) – шөптесін өсімдіктер; ағашты-бұталы түрлер небәрі 25, олардың 9-ы жабайы интродуценттер болып табылады (Ulmus laevis, Ulmus pumila, Morus nigra, Juglans regia, Malus domestica, Acer negundo, Acer platanoidеs, Viburnum opulus және Parthenocissus quinquefolia). Жетекші орынды негізгі 10 тұқымдас өкілдері алады, олар флораның жалпы тізімінің 65% құрайды: Asteraceae, Poaceae, Rosaceae, Lamiaceae, Apiaceae, Fabaceae, Ranunculaceae, Caryophyllaceae, Boraginaceae және Scrophulariaceae. Зерттелген қауымдастықтардың флоралық ядросы 39 түрден тұрады, олар орманды және орманды-шалғынды экологиялық элементтер тобына жатады. Сонымен бірге, G. altaicum қатысқан қауымдастықтар құрамында Қазақстанның Қызыл кітабына енген басқа да сирек түрлер – Malus sieversii, Armeniaca vulgaris, Paeonia intermedia анықталды. Зерттелген қауымдастықтардың антропогендік бұзылысы анықталды, олардың индикаторлары тек адвентивті түрлер ғана емес, сонымен бірге, жабайы интродуценттер де болып табылады. Соған байланысты, зерттелген қауымдастықтарды қорғауды күшейту және тұрақты мониторинг жүргізу ұсынылады.
Түйін сөздер: Gymnospermium, Berberidaceae, Қазақстанның Қызыл кітабы, өсімдік қауымдастықтары, флоралық құрам, Іле-Алатауы.








