Кәріз суларының шөгінділерінен органоминералды тыңайтқыштар жасау ушін перспективалы штаммдарды бөліп алу
Ключові слова:
sludge, fertilizers, microorganisms, waste, processing, disposalАнотація
Биологиялық препараттар қалдықтарды өңдеудің заманауи және тиімді құралы болып табылады, нәтижесінде азотты қосылыстарға бай, құрамында патогенді микрофлора, гельминт личинкалары жоқ жоғары сапалы органикалық тыңайтқыштар алуға болады.
Соңғы жылдары елдегі кәріз тазарту қондырғыларының айналасында тұнба карталарында кәріз шөгінділерін жойылуымен көптеген проблемалар туындады. Сондықтан микроорганизмдердің белсенді штаммдары арқылы биологиялық ферменттеу және жою әдісі ұсынылады.Мақалада кәріз суларының шөгінділерінен бөлініп алынған бактериялардың зерттеу нәтижелері көрсетілген, олардан оргономинералды биотыңайткыштар алу үшін, ферменттік белсенділігі мен кәріз шөгінділерінің қайта өңдеуге қабілеттілігін зерттеу. Кәріз суларының шөгінді сынамалары Нұр-Сұлтан мен Рудный қалаларының тазарту құрылғыларынан алынды. 6 белсенді штамдар анықталды: Bacillus mojavensis, Bacillus fusiformis, Bacillus amyloligiefaciens, Pseudomonas lundensis, Enterobacter sp. және Ochrobactrum sp. Бактерияларды анықтау 16s rRNA әдісімен жүргізілді.
Қалалық кәріз суларының шөгінділерінен бөлініп алынған зертханалық тәжірибелердің нәтижелері бактериялардың Enterobacter sp. және Ochrobactrum sp екенін көрсетті . Модельдік эксперименттерде кәріз суларының шөгінділерін жою 70% - ға дейін байқалды. Қалдықтарды жою процесінде Enterobacter sp және Ochrobactrum sp монокультурасымен салыстырып қарағанда Bacillus тұқымының 3 штаммынын құрылған жиынтықтың тиімділігі аз байқалды. Жалпы эксперимент нәтижесі қалалық кәріз сулардың шөгіндісін өңдеуде микробтық биомассаны қолдану жаксы көрсеткіш көрсетті.Шөгінділерді қайта өңдеу кезінде сәйкесінше 47% және 69% құрайды, перспективалы штамдарға Enterobacter sp және Ochrobactrum sp жатады.
Осылайша, біз зерттеген микроорганизмдер органикалық қалдықтарды одан әрі өңдеуде және олардың негізінде органоминералды тыңайтқыштар алу технологиясының даму саласында перспективалы деп санауға болады.








