Rhodiola semenowii тамыры мен тамыршасының анатомиялық сараптамасы

Автор(и)

Ключові слова:

дәрілік өсімдіктер, гистохимия, ксилема, флоэма, тамыр

Анотація

Отандық дәрілік өсімдік наменклатурасының санын арттыру және жаңа дәрілік препараттарды алу үшін жабайы өсімдіктерді зерттеп қосу  қажет. Осындай өсімдіктердің жаңа өкілдердің бірі Rhodiola Semenovii Boriss. Rhodiola Semenowii (Regel & Herder) Boriss өсімдігінің фармакологиялық қасиеттерін талдаудың бірінші кезеңі болып әдебиет көздерінің деректеріне сәйкес, тамыр мен тамыршаны талдау кезінде бөлінген фенолды гликозидтер, флавоноидтер, дубилді заттар, эфир майлары, макро- және микроэлементтер, және т.б. Бұл зерттеудің мақсаты - Rhodiola semenowii Boriss өсімдігінің жер асты мүшелерінің анатомиялық ерекшеліктерін гистохимиялық талдау және бағалау. Зерттеулер көрсеткендей  Rhodiola semenowii Boriss өсімдігінің тамыр қабығы ақшыл сары түсті. Rhodiola semenowii Boriss өсімдігінің тамырынан микропрепарат кесіндісінен байқалғандай тамыр қабығының паренхимасы борпылдақ және бір тегіс емес, кейбір аймақтарында ірі болып келеді. Шоғырлы құрылымды тамыр жүйесінің өткізгіш шоқтары тамырдың ортасында бірнеше қатарда орналасқан. Флоэманың созылған қима түрінде ерекше орналасуы байқалады. Түбір ксилемасының радиалды құрылымы және осьтік цилиндрдің ортасындағы тамырлардың біркелкі орналасқан. Тамыр мен тамырдың паренхималық тіндерінде қарапайым крахмал дәндері болды. Паренхималық жасушалар әртүрлі құрылымды. Аталған сараптама бізге  Rhodiola semenowii Boriss өсімдігінің түрлі мүшелерінде жиналған ББЗ мөлшері мен кездесуін мұқият фитохимиялық сараптама жүргізу кезінде қажет болады.

Завантаження

Опубліковано

2021-01-31

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають