Балалардың жас ерекшелігі мен жынысына байланысты ренальді инфекция қоздырғыштары түрлерінің жыл мезгілдік таралу көрсеткіштері

Автор(и)

  • Sh. K. Yeleupayeva Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан
  • A. S. Dinmukhamedova Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb.2020.v84.i3.12

Анотація

Мақалада тубулоинтерстициальді ұлпалар мен бүйректегі пиелоцитальді жүйенің зақымдануына әкелетін микробты қабыну туғызатын доминантты инфекциялар түрлері айқындалған. Зерттеуге ЗШЖИ шалдыққан 1 айдан 17 жас аралығындағы балалардың несептерінен арнайы микробиологиялық зерттеулер арқылы 88 бактериялар культуралары зерттелінді. Эндо ортасы мен қанды агарға секторлық екпе жасалынып, ішек микрофлорасының түрлік құрамы мен сандық параметрі бактериурия дәрежесі арқылы анықталды. Микроорганизмдердің оқшауланған штамдарының микробқа қарсы препараттарға сезімталдығын персистентті маркерлер арқылы анықталды. Алынған нәтижелерді өңдеу әдістері вариациялық статистикамен, сараптамалардың айырмашылық дәлдігін Стьюдент–Фишер критерийлерімен бағаланды. Зерттеулер нәтижесінде ең үлкен доминантты бактериялар көрсеткіші Staphylococcus (30,6%) туысына жататындар әсіресе соның ішіндегі түрлері: S.aureus (11,1%), S.epidermidis (48,1%) және S.saprophyticus (37,1%), S.intermedius (3,7%) екені белгілі болды. Бактериялар культураларының доминантты түрлері балалардың жас ерекшеліктері, жынысы мен жылдың мезгілдеріне байланысты таралуы да анықталды. Әсіресе ренальді қабынуға әкелетін E. Coli штаммдары жаз айында ұлдар мен қыздар арасында басымырақ болса, Enterococcus faecalis күзде, ал саңырауқұлақ туысының Candida өкілдері барлық мезгілде ұл балалар арасында қыста кеңінен таралған. Staphylococcus epidermidis штамы көктем айында қыз балалар арасында аса үлкен көрсеткішке ие болып отыр. Зерттеу нәтижесінде доминантты болған Staphylococcus epidermidis штаммының  антибиотикке сезімталдығы мен резистенттілігі анықталып, ең үлкен сезімталдылығы цефотаксимге (98,6%), цефазолинге (97,8%), цефуроксим (95,5%), амикацинге (100%), оксациллинге (85,3%), имепинемге (87,5%) өте жоғары екені дәлелденді. Балалар арасында зәр шығару жүйесі қоздырғыштарының кейбірі яғни анықталып отырған шартты патогенді бактериялардың басым көпшілігі жеке ағзаның физиологиясына да тәуелді екені байқалған.

Түйін сөздер: сөздер: ренальді инфекция, пиелонефрит, микробтық биоценоз, бактериурия, тубулоинтерстициальді қабыну, иммунитет

Завантаження

Опубліковано

2020-10-15

Номер

Розділ

ФИЗИОЛОГИЯ ЧЕЛОВЕКА И ЖИВОТНЫХ

Як цитувати

Балалардың жас ерекшелігі мен жынысына байланысты ренальді инфекция қоздырғыштары түрлерінің жыл мезгілдік таралу көрсеткіштері. (2020). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 84(3), 130-140. https://doi.org/10.26577/eb.2020.v84.i3.12