Жиделер тұқымдасы (Elaeagnаceae) жемісіндегі натрий мен калий мөлшерін атомды-абсорбциялық спектрометрия әдісімен анықтау
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2019-2-1419Анотація
Мақалада жиделер тұқымдасына (Elaeagnаceae) жататын дәрілік өсімдіктердің жемісіндегі натрий мен калий мөлшерін атомды-абсорбциялық спектрометрия әдісімен анықтау жолы қарастырылған. Калий мен натрий тірі организімдердің бойындағы алмастырылмайтын макроэлементтер қатарына жатады, олар метоболизмге қатысып, аса маңызды функцияларды атқаратыны бізге мәлім, сондықтан жиделер тұқымдасына жататын дәрілік өсімдіктердің бойында осы элементтердің бар жоғы анықталған болатын. Зерттеу объектісі ретінде жиделер тұқымдасының үш популяциясы жиналып алынды: Алматы облысы Қарасай ауданынан, Кеген ауданынан жиналып алынған дәрілік өсімдіктің түрлері, Итшомырт шырғанаққа (Hippophaë rhamnoides), Үшкіржеміс жидеге (Elaeagnus oxycarpa) ботаникалық сипаттама берілді. Тәжірибе барысында жиделер тұқымдасы құрамындағы зерттелетін элемент белгілі стандартты ерітіндімен салыстыра отырып калибірлік график көмегімен орындалды. Әдетте, тәжірибеге алдын ала үш салыстырмалы ерітінді және бақылау ерітіндісі дайындалады, алайды жұмыс барысында алты ерітінді дайындалды. Стандартты калий мен натрий ерітінділері (100 мкг/мл) ГСО 7474-98 бойынша, иондалған сумен араластыру арқылы жасалынды. Алынған нәтижелер бойынша, жиделер тұқымдасының түрлерінің жемісінің құрамында аталған макроэлементтердің жоғарғы концентрациясы анықталды. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрі-дәрмектерге өте үлкен мән береді. Сол себепті қазіргі таңда дәрілік өсімдіктердің шипалық қасиеттерін зерттеудің мағызы зор. Бұл жұмыста жиделер тұқымдасына (Elaeagnаceae) жататын түрлердің жемістерінің бағалы дәрілік шикізат ретінде дәстүрлі және халықтық медицинада түрлі мақсатта пайдалану жолдары мен өсімдіктерді жинау ережелері көрсетілді.
Түйін сөздер: Elaeаgnаceae, Hippophaе rhamnoides, Elaeagnus oxycarpa, дәрілік өсімдіктер.








