Оқу үрдісіне бейімделу кезінде студенттердің психофизиологиялық көрсеткіштерін зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2018-1-1320Анотація
Жоғары оқу орнында студенттердің оқу үрдісінің жағдайларына бейімделуі психофизиологиялық мүмкіндіктерге байланысты екендігі нақты болғанымен бейімделудің жеке ерекшеліктері зерттелмеген. Соған байланысты бағалаудың ақпараттық психофизиологиялық критерийлерін жасау және оқу жүктемесіндегі бейімделуді болжау, ортаның әлеуметтік және медициналық-биологиялық факторлар кешенінің әсерін зерттеу өзекті болып табылады. Зерттеу жұмыстың мақсаты: Оқу үрдісіне бейімделу кезінде студенттердің психофизиологиялық көрсеткіштерін зерттеу. Зерттеу әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасында жүргізілді. Зерттеуге 140 студент, оның ішінде 68 - 1 курс студенттері, 72 - 3 курс студенттері қатысты. Зерттеу екі топ бойынша жүргізілді: 1- бірінші курс студенттері, 2- үшінші курс студенттері. Зерттеу міндеттері: Студенттердің темпераменттерін анықтау; оқу үрдісіне бейімделу кезінде студенттердің эмоционалдық жүктемесінің деңгейін анықтау; стресстік жағдайдың ерекшеліктерін анықтау: өзін-өзі бақылаудың деңгейін және стресстік жағдайлардағы эмоционалдық лабильділікті анықтау; студенттердегі эмпатия деңгейін зерттеу. 1 курс және 3 курс студенттеріне жүргізілген психофизиологиялық зерттеу жұмыстың қорытындысы, зерттеу жұмысының барысында 3 курс студенттерінің оқу процесіне бейімделгендігі, ал 1 курс студенттерінде жоғары нервтік-эмоциялық жүктемені көрсететін психоэмоциялық күй жоғарғы көрсеткіштермен сипатталатындығы көрсетілді.
Түйін сөздер: адаптация, эмоция, психофизиология, стресс, темперамент, эмпатия.








