Картоптың бірегей тұқымын өндіруде микротүйнектерді қолданудың тиімділігі
Ключові слова:
картоп, биотехнология, микротүйнектер, қоректік орта.Анотація
Аурулардан сауықтырылған картоптың бастапқы материалын алудың ең өнімді әдістеріне ізденістер жүргізу мен оларды тиімді пайдалануға бағытталған зерттеулер жүргізу дақылдың бірегей тұқымын өндіруді жетілдіру үрдісінде маңызды рөл атқарады, әрі өзекті мәселенің бірі болып табылады. Картоп тұқым шаруашылығының негізгі мақсаты – егістікке отырғызу материалдарының сапасын сақтау және олардың көбею коэффициентін барынша арттыру. Мұндай отырғызу материалдарын алуға in vitro жағдайында жаппай өндірілген картоптың микротүйнектері негіз болып табылады. Бірқатар шет мемлекеттерде бұл бағыттың айтарлықтай дамығандығына қарамастан, әдістемелік әзірлемелер өте сирек кездеседі және жалпылама зерттеулер мен өндіріске енгізіліп, іске асырулар жоқ деп айтуға болады.
Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының биотехнология зертханасында тұқымдық картоптың вируссыз негіздегі отырғызу материалы – микротүйнектерді in vitro жағдайында жаппай өсіру бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.
Мурасиге-Скуг қоректік ортасының құрамын модификациялау және фотомезгілді реттеу арқылы өсімдіктерден түйнектер түзіліп, индукцияланды. Зерттеулер нәтижесінде микротүйнектердің in vitro индукциялануының ең оңтайлы уақыты анықталды. Картоптың сорттарының биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, өсімдіктердің әртүрлі түйнектерді қалыптастыру қабілеті анықталды. Ашық танап жағдайында алынған тұқымдық түйнектердің өнімділігі мен сандық шығымына егістікке отырғызылған микротүйнектердің көлем сипаттамасы мен отырғызу сұлбасының әсері зерттелді. Картоптың тұқым шаруашылығында микротүйнектерді отырғызу материалы ретінде қолдану мүмкіндігі туралы қорытынды жасалды. Қазақстан селекциясынан шығарылған картоп сорттарының in vitro жағадайында индукцияланған микротүйнектері болашақта көбейтіліп, өндіріске енгізілуі үшін тұқым шаруашылығы үрдісіне тартылды.








